Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына орай өткізілген «Әлем таныған – Ұлы Абай» атты семинар!

Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына орай өткізілген

«Әлем таныған – Ұлы Абай» атты семинар!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа қол қойып, Абайдың 175 жылдық мерейтойы жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде мерекелеу 2020 жылдан жүзеге асырыла бастайды деген болатын.

Рудный индустриялық институты студенттері Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына орай өткізілген «Әлем таныған – Ұлы Абай» атты семинар өткізілді. Семинарда Ұлы Абайдың өмірбаяны, оның отбасысы, туып өскен жері және оның шығармашылық жолы туралы мәліметтер айтылды. Семинар барысында студенттер Абай Құнанбаевтың өмірбаянына толық тоқталып кетті, содан кейін студенттер «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» және «Көлеңке басын ұзартып» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар студенттер Абай өмірін, оның шығармаларын терең талқылап, сұрақ-жауаптарға жарыса жауап берді.

Абай шығармашылығы уақыт озған сайын дәуір талабына сай әр қырынан өсіп, өркендеп отыратын асыл мұра болып ұрпақтар санасында орын алады.

Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады. Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдессіз құбылыс.

Олай болса, «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» – деп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айтқандай.

Абай  мұрасын ой – өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін Абай мұрасын алдымен өзіміз танып, сосын әлемге таныту – біздің ғұмырлық парызымыз.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Facebook
Facebook
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте