гмф-каз

Тау-кен-металлургиялық факультеті

Тау-кен-металлургиялық факультетінің даму тарихы 1959 жылы басталған, Рудный индустриалық институтының тұрғызылу тарихымен тығыз байланысты. Институттың қызмет еткен жылдары ТМФ тау-кен индустриясы үшін жоғары білікті мамандар дайындауға үлкен үлес қосты.  Оның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін сипаттайтын кейбір кезеңдер мынадай:

1959 жыл —  мамандықтарға 1-ші қабылдау ұйымдастырылды: «Пайдалы қазбалардың кенорындарын өңдеу», «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс», «Темірбетонды құрылымдар және құрылыс материалдары»;

1962 жыл –  факультет бірқалыпты деңгейде тұрды;

1964 жыл — құрылыс инженерлері мен тау-кен ісі инженерлерінің 1-нші түлектері;

1968 жыл – оқу үрдісін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру мақстаында факультет екі факультетке бөлінді: құрылыстық және тау-кен;

2002 жыл – құрылыс факультеті «Пайдалы қазбаларды байыту» және «пайдалы қазбалардың кенорындарын өңдеу» кафедралары қосылғаннан кейін құрылыстық-технологиялық болып өзгертілді;

2004 жыл – факультет Тау-кен-құрылыстық болып өзгертілді;

2012 жыл – факультет Тау-кен-металлургиялық болып өзгертілді.

Әртүрлі уақыттарда факультет деканы болып жұмыс істеді: Куликова Г.Г., Киров И.П., Первушин Н.Г., Назаров С.К., Жантурин М.Ж., Осадчий В.И., Тойшыбеков И.С., Лучанинова А.А., Кузьмин С.Л.

Факультетте әр жылдарда сабақ бергендер: геолого-минералогиялық ғылымдарының докторы, профессор Ивлев А.И., техникалық ғылымдарының кандидаттары, доценттер Маулянбаев Т.И., Мальцева З.Д., Владимирова Е.В.,  Рябцев К.Г., Ансабаев А.А.,  Михайловский А.И., Козловских А.И., Кузнецов Н.Г., Хван Л.И., Живайкин И.Г., Абдрахманова Д.К., Барулин А.И., техникалық ғылымдарының кандидаты Рахимов З.Р., Баюк О.В., доцент Киров И.П.

Қазіргі уақытта факультетте төрт мамандық бойынша оқыту жүргізілуде:

  1. 5В070700- «Тау-кен ісі  (мамандандырылуы:  «ПҚК ашық әдіспен өңдеу», «ПҚК жерасты өңдеу», «Маркшейдерлік ісі»);
  2. 5В070900 – Металлургия;
  3. 5В071300 – Көлік, көліктік техника және технологиялары;
  4. 5В073700 – Пайдалы қазбаларды байыту.

Факультетте жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды, олардың құрамында техникалық ғылымдарының докторы, профессор Найзабеков А.Б., техникалық ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Лежнев С.Н., техникалық ғылымдарының кандидаты Кузьмин С.Л., Верин., Фтонин Е.А., физико-математикалық ғылымдарының кандидаты Шалдыкова Б.А., Арепьева С.В., саяси ғылымдарының кандидаты Тажибаев Р.Х. Соңғы жылдары факультетіміздің кафедраларына жас магистрлер жұмыс істеуге келді: Салько О.Ю., Искаков Р.Ж., Нурмухамбетова Г.Т., Аскарова Р.А, Каттыгарин Ж.Н. және т.б.

Оқыту мемлекеттік және орыс тілдернде жүргізіледі. Колледж түлектері үшін оқытудың қысқартылған нысаны қарастырылған. Факультетте 46 топ бар. Мұнда оқитын студенттердің жалпы саны – 468, оның ішінде 176 – грантта оқиды. Студенттердің қолданысы үшін 43 кабинет ұсынылған, оның 17 зертханалық. Есептеу бөлмелері соңғы үлгідегі компьютерлермен жабдықталған. Факультеттің ерекше мақтанышы металл және тау жыныстарының құрамын оқыту бойынша зертханалық бөлмелер болып табылады. Онда тегістеуді дайындау үшін және микроскопта зерттеулер жүргізу үшін OLIMPUSВХ-53М микроскопы және  «SAPHIR 520» шлифовально-полировальная машина. Студенттер металл мен жыныстың құрылымын қарап, зерттей алады.

РИИ
РИИ

Металл мен жыныстың химиялық құрамын анықтау үшін миниатюрлі рентгендік трубкалар мен қатайтқыш детекторлар технологиясын қолданумен ThermoNiton рентгено-флюоресцентный спектрометрі бар. Көп элементті талдаудың жоғары жылдамдығы және бір уақытта алынған нәтижелердің сенімділігі мен дәлдігі өлшеу уақытын айтарлықтай қысқартуға және құралдарды үнемдеуге, көп жағдайда зерттеудің күрделі зертханалық әдістерін қолданудан бас тартуға мүмкіндік береді.  Портативтілік, пайдалану қарапайымдылығы және кез келген түрдегі материалдың, форманың және өлшемнің үлгілерін талдау мүмкіндігі, қызған немесе дірілдейтін нысандар сияқты, аспапты өндіріс жағдайында және дала жағдайында жұмыс істеу үшін мінсіз бейімделген етеді.

РИИ

Оқыту сапасын арттыру мақсатында Рудный индустриалық институтының басшылығы гидравлика, пневматика және автоматика компоненттерінің құрылуына әлемдік көшбасшы болып табылатын «FESTO» концернінен заманауи зертханалық стенд сатып алды. Аталған зертханалық бөлменің басты ерекшелігі мен артықшылығы оның конструктордың  принципі бойынша жұмыс істеуінде. Яғни, стенд құрамына әр түрлі комбинацияларда қосылу мүмкіндігі бар компоненттер кіреді. Аталмыш принцип студенттің өзіндік жұмысын белсендіреді, заманауи өнеркәсіптік жұмыстың агрегаттық-тораптық принципінің артықшылықтарын бағалауға мүмкіндік береді.

РИИ

Металлургия және тау-кен ісі кафедрасымен құрылған және жабдықталған геологиялық мұражайда тек Қазақстанның кенорындарының емес, көптеген шет елдердің кенорындарының тау жыныстары мен минералдары қойылған. Мұражайдың құрылуына кафедрада жұмыс істеген геолого-минералогиялық ғылымдарының докторы, профессор Александр Иванович Ивлев пен аға оқытушы Шитова Раиса Валентиновналар үлкен рөл атқарды.

РИИ

2015 жылы СВП-08 өнеркәсіптік бұрандалы стан және Nabertherm неміс фирмасының түтік пеші орнатылған «Металлды илемдеу» зертханалық бөлмесі құрылды. Зертханалық бөлмеде Металлургия мамандығының студенттері «Металлдарды қысыммен өңдеу», «Илемдеу өндірісінің технологиясы» пәндері бойынша сабақтар өтеді және ғылыми-зерттеулік сипаттамасында дипломдық жобалар орындайды.

РИИ

Қазіргі уақытта жабдықтардың жұмысын бақылау үшін өндірісте бұзбайтын бақылау жабдығы енгізілуде және институт түлектері американдық Fluke фирмасының ультрадыбыстық дефектоскоптары мен дірілін өлшеуішінде зерттеулер жүргізуде.

Механикалық жабдықты диагностикалау үшін заманауи Fluke 810 діріл өлшеуіші бірден өлшеу нәтижелерін бере алады. Ол жабдық жұмысындағы жоспардан тыс іркілістерді бақылауды, ұқсас проблемаларға жол бермеу және жөндеу, техникалық қызмет көрсету және мерзімдік тексеру кезінде бірінші кезектегі міндеттерді шешу бойынша алдын алуды жүзеге асырады. Бірегей технология көмегімен және құрылғылар мүмкіншілігімен механикалық жабдықтардың диагностикаларын өте жылдам әрі тиімді орындауға болады. Біздің ЖОО-ның 50-жылдығна арнап  «ССКӨБ» АҚ МжТІ кафедрасына маркшейдерлер мамандарын дайындау кезінде қолданылатын заманауи геодезиялық және маркшейдерлік құрылғылармен жабдықталған сынып сыйға тартты.

РИИ

2015 жылдан бастап ТМФ мамандықтарында оқыту үрдісінде балқыту кезінде болатын қиын үрдістерді көруге, тау-кен-байыту құрылымымен танысуға, жабдықты виртуалды жинау және бөлшектеуді жүргізуге  мүмкіндік беретін компьютерлік технологиялар кең түрде енгізілуде. Кафедрада жүргізілген зерттеулерді моделдеу үшін бағдарламалық өнімдер бар:

— SimufactForming13.0 — штама жарақтарын жобалау кезінде соғу және көлемді штампілеу үрдістерінде металлдардың өзгері үрдістерін есепетеу үшін компьютерлік моделдеу жүйесі. SimufactForming кернеулік-деформациялық жағдайларды, үрдістер шарттарын ескеретін температуралық-жылдамдықты оңтайландыруға, оңтайлы технологияларды жобалауға мүмкіндік береді.  Бұған технологиялық үрдістер үлгілерінің барабарлығы, сондай-ақ деформация жағдайында металдың реологиялық жүрісін нақты сипаттау ықпал етеді.  Соғудан илемге дейін, табақты металдан титатқа дейін –  SimufactForming қолданылатын жабдықтар немесе өндірілетін материалдар үрдісінің температурасынан бөлек, тиімді моделдеу және есепетеу үшін барлық құралдыр қол жетімді. Аталмыш бағдарлама «Металлургия» мамандығының студенттері үшін қолданылады
APM WinMachine — есептеу математикасындағы соңғы жетістіктерді, сандық әдістер мен бағдарламалау саласын, сондай-ақ теориялық және эксперименттік инженерлік шешімдерді ескере отырып әзірленген машина жасау саласындағы механикалық жабдықтар мен конструкцияларды автоматты есептеу және жобалау жүйесі. APM WinMachine бағдарламалық өнімі  модульдік схема бойынша салынған, бұл оны машина жасаудың тар бағытталған салалық міндеттеріне пайдалануға ыңғайлылықты қамтамасыз етеді.

Барлық модульдер төрт тақырыптық топқа бөлінген:

— Графикалық орта (есептеуге геометрияларды дайында үшін 2D және 3D оқыту процессоры);

— Машина бөлшектері және қосылыстар (машиналардың, механизмдердің, сондай-ақ олардың ажырайтын, ажырамайтын қосылыстарының типтік бөлшектерін есептеу);

— Соңғы-элементтік талдау (статикалық және динамикалық күштік және температуралық әсер ету кезіндегі конструкциялардың беріктігін, тұрақтылығын, меншікті және мәжбүрлі динамикасын талдау);

— Деректер базасын (материалдардың параметрлері, металл илемінің стандартты қималары және т. б. бойынша мәтіндік және графикалық түрлердегі анықтамалық ақпарат массивтері.).

Бағдарлама факультеттің механикалық мамандықтарының студенттеріне қолданылады.

Тау-кен мамандықтарының студенттері үшін оқу үрдісіне тау-кен жұмыстарын жобалауға мүмкіндік беретін ГАЖ Surpac және ТГАЖ Micromine бағдарламалары енгізілген.

GEOVIA Surpac – кен орындары мен жер асты кеніштерінде Геология және тау-кен жұмыстарын жоспарлау үшін, сондай-ақ 120-дан астам елде геологиялық барлау жобаларын қолдау үшін әлемдегі ең танымал бағдарламалық қамтамасыз ету. Бұл бағдарламалық қамтамасыз ету нақты компанияның үрдістері мен деректер ағындарының ерекшеліктерін ескере отырып, қуатты үшөлшемді графиканы және жұмыс үрдістерін автоматтандыруды пайдаланудың қарапайымдылығы есебінен тиімділікті және дәлдікті қамтамасыз етеді. Surpac геологтардың, маркшейдерлердің және тау-кен инженерлерінің шикізат секторындағы барлық қажеттіліктерін қанағаттандырады және кез келген шикізатқа, кен денесіне немесе өндіру әдісіне бейімделеді. Көп тілді интерфейс компанияларға бүкіл әлемде бірдей шешімді пайдалануға мүмкіндік береді.

РИИ

Micromine кен орындарын 3D үлгілеуге арналған бағдарлама кен орындарын бағалау, жобалау, оңтайландыру және тау-кен жұмыстарын жоспарлау құралдарын ұсынатын кен орындарын 3D-үлгілеуге арналған кешенді шешім болып табылады. Жүйе пайдаланушыларға жобаның жан-жақты шолуын ұсынады, соның арқасында табысқа жету мүмкіндігін арттыра отырып, перспективалы учаскелерді мұқият зерттеуге көңіл бөлуге болады.
Micromine 10 модулден тұрады. Бағдарламаның ауқымдылығы мен құрамдас құрылымы қазіргі уақытта компанияға қажетті Micromine функционалын таңдауға мүмкіндік береді. 64 биттік жүйемен үйлесімділіктің жаңа мүмкіндігі бұрын үлкен деректер массивімен жұмыс істейді.

РИИ

Бакалаврларды дайындау бойынша факультет қызметінің маңызды бөлігі әдістемелік жұмыс болып табылады. Ол оқу үдерісін қамтамасыз етуге бағытталған және мамандық пәндері бойынша оқу құралдарын, курстық және дипломдық жобалар (жұмыстар) бойынша әзірлемелерді, бақылау жұмыстарын орындау нұсқауларын, зертханалық сабақтарды, практикадан өту бағдарламаларын және т. б. құрастыруды қамтиды.

Ірі жетекші жоғары оқу орындары мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың сыртқы рецензияларын ала отырып, әдістемелік әзірлемелерді жасау тәжірибесі бар. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Әдістемелік кабинеті арқылы бірқатар құралдар шығарылды. Факультет оқытушыларымен келесі оқулықтар дайындады:

— Найзабеков А.Б. Жалпы металлургия. Оқу құралы, 2015 ж.

— Маулянбаев Т.И. Пайдалы қазбалардың кенорындарын ашық өңдеу технологиясының негізі, 2016 ж.

— МаулянбаевТ.И. Орыс-қазақ-ағылшын тау-кен-техникалық сөздігі, 2016 ж.

— Овчинникова Г.В. Жерасыт тау-кен жұмысы үшін жөндеуші-слесарь. Астана, 2015 ж.

Әдістемелік жұмысты бақылау және басқару үшін факультеттің әдістемелік комиссиясы жұмыс істейді. Оны МжТІ кафедрасының аға оқытушысы Скалозубова Г.В. басқарады. МКФ кафедрасының ұсынысы бойынша жұмыс оқу жоспарларына өзгерістер енгізеді және қарайды, пәндердің әдістемелік қамтамасыз етілуін бақылайды, әдістемелік әзірлемелерді бекітеді, Мамандық пәндерін оқыту деңгейінің қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды.

Факультет қызметінің құрамдас бөлігі ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады. Факультет кафедралары мемлекеттік бюджеттермен және шаруашылық келісім-шарттармен белсенді айналысады.
Факультеттің мемлекеттік бюджеттік тақырыптары институттың кешенді ғылыми бағытына сәйкес келеді: «Солтүстік-Батыс Қазақстанның табиғи ресурстары мен экологиясын ұтымды пайдаланудың әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық мәселелері».

ҒЗЖ нәтижелері бойынша ғылыми мақалалар, баяндамалар және өнертабыстар баспаға шығарылады. 2012 жылдан бастап факультет оқытушылары ашық баспасөзде 500-ден астам ғылыми мақала жариялады. ТМФ оқытушылары әртүрлі деңгейдегі ғылыми конференцияларда белсенділік танытады. Соңғы 6 жылда ТМФ-та ішкі және сыртқы сараптамалар жүргізу кезінде жоғары бағаға ие болған ҚР БжҒМ гранттық қаржыландыруы бойынша 5 тақырып орындалды. Деканаттың жұмысындағы басты бағыттардың бірі болып табылатын ол тәрбиелік жұмысы. Оны деканның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары үйлестіреді. Әр түрлі жылдарда бұл қызметпен айналысқан Бурдакова О.Н., Суюбаева Ж.Т., Дуйсенов Е.Д., Кенжетаева Ж.Л.  Тәрбие жұмысының міндеті бұқаралық іс-шараларды өткізу, жастарға патриоттық тәрбие беру, студенттерге мемлекет саясатын түсіндіру және студенттермен жеке жұмыс жүргізу болып табылады.

Тау-кен металлургия факультеті өз түлектерін мақтан тұтады, олардың көбі қазіргі уақытта Рудный қаласында, Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде жоғары орындарға ие.

Факультет мамандықтары бойынша студенттердің республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары мен дипломдық жобалар конкурстарындағы жеңістері мамандарды даярлаудың жоғары сапасын растайды.
Тау-кен металлургия факультеті Қазақстанның, алыс және жақын шетелдердің көптеген жоғары оқу орындарымен және кәсіпорындарымен қарым-қатынасты қолдайды. Академиялық ғылыми-зерттеу институттарымен, кәсіпорындармен шығармашылық байланыстары бар.

Проведения 60-летнего юбилея Рудненского индустриального института

Call-центр
+7 (71431) 95723

Приемная комиссия

Наш номер: +7 (71431) 92 568
Моб. номер: 8 702 922 27 43
Наша почта: priemcom_rii@mail.ru