Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмайды!

Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмайды!

Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесі!  Бұл күн Ұлы Отан соғысында тарихымызды еске түсіріп, ел тыныштығы үшін қан майданда батырлықпен соғысқан жауынгерлерді, тылда сол майдандағы жеңісті жақындату үшін күн-түн демей дамылсыз жұмыс істеген еңбеккерлерді тағы да құрметтеп, мадақтау күні! Бұл игі дәстүр біздің Рудный индустриалдық институтында да жыл сайын өткізілетін жақсы іс-шара. Сол дәстүріміз бойынша бірнеше күн бұрын институт Ректоры Найзабеков Әбдірахман Батырбекұлы бұрынғы институт қызметкерлері, қазіргі құрметті зейнеткерлер, соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлерін 9 мамыр жеңіс күнімен құттықтап, оларға материалдық көмек беру туралы бұйрыққа қол қойды. Ал 06 мамыр күні, институттың  Ардагерлер кеңесінің  төрайымы Султангалиева М.Д. және қаржы қызметінің  оқыту бойынша бухгалтері Искакова И.И сол ардагерлерімізді құттықтап, Ректорымыздың құттықтауы мен сыйақысын табыстап келді. Өз кезегінде ардагерлеріміз  еліміз үшін осындай қиын кезеңде (карантинді айтса керек) оларды ұмытпай келгендермізге рахмет айтып, Әбдірахман Батырбекұлына  өз алғыстарын жеткізуімізді сұрады, елімізге бейбіт өмір тілеп, баталарын беріп ризашылықпен шығарып салды.  Тіпті  ардагерлер ішінде белсендісі Галина Васильевна Галета өзіне қала әкімдігі табыстаған «Ұлы Жеңіске 75 жыл» мерейтойлық медалімен мақтанды!!! Ал біз болсақ, өз кезегімізде ардагерлерге ұзақ өмір тілеп, келесі  Жеңіс мерекесінде  де осылай аман – есен отыруларына  ниеттес  екенімізді  жеткіздік. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмайды! – Никто не забыт, ничто не забыто!». Жеңіс мерекесі құтты болсын! С Днём Победы!

Султангалиева М.Д.,

РИИ Ардагерлер кеңесінің төрайымы

Хлебородова Клавдия Зиновьевна

 

Илюхина Александра Андреевна

Галета Галина Васильевна

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Facebook
Facebook
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте