Жоғары білікті мамандарды даярлау үшін білім беру үдерісі мен өндірістің тығыз байланысы қажет

Жоғары білікті мамандарды даярлау үшін білім беру үдерісі мен өндірістің тығыз байланысы қажет. 2019 жылдың желтоқсан айында Құрылыс және құрылыс материалтану кафедрасында «Госэкспертиза» АМК Солтүстік аймақ бойынша филиалының өкілі Савочкин Юрий Алексеевичпен кездесу өтті. «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша 1988 жылғы РИИ түлегі Ю.А. Савочкин институттағы оқу кезеңін ризашылықпен еске алып, оған кәсіби шеберліктің шыңына жетуге мүмкіндік берген жоғары сапалы дайындық екенін атап өтті. Юрий Алексеевич құрылыстағы жобалық қызметтің мүмкіндіктері, проблемалары және перспективалары туралы айтты. Жобалау ұйымдарының бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, жобаларды орындау дағдылары бар және құрылыстың заманауи технологияларын білетін жас мамандарға деген жоғары қажеттілігін атап өтті.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Facebook
Facebook
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте