ЦЕНТР “МӘҢГІЛІК ЕЛ”

СИПАТТАМАСЫ

logo

Орталық «Мәңгілік Ел» идеясы арқауындағы азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, оқымыстылық пен білімді қастер тұту, зайырлы ел – тағаттылық елі, үш тұғырлы тіл сияқты, тілдердің үштұғырлығын дамыту,  сондай-ақ жас қыз-жігіттердің ойын-сауығын ұйымдастыру сияқты жастардың отансүйгіштік тәрбиесі мен рухани-адамгершілікте дамуының ортақ мақсаттары мен  қызығушылықтары негізінде құрылған жоғарғы сынып оқушыларының, колледж білім алушыларының және Институт студенттерінің, Рудный қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындары мен ұйымдары жастарының ерікті бірлестігі болып табылады.

ТАРИХЫ

Институттың сапа саласында саясатына сәйкес тәрбие жұмыстарын дамыту стратегиясы сауатты, білікті, шығармашылыққа белсенді, бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыруға екпін қояды. Болашақ мамандарға бірінше кезекте барлық қоғамның игілігі үшін Қазақстан Республикасында тұруы және жұмыс істеуі керек. Жоо түлектері өздерінің Отанға, мамандығына деген көзқарасын дамытуы,  ел мен халыққа деген міндеті мен жауапкершілік сезімін  жүеге асыру керек.

Осыған орай институтта жастарды патриоттық тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінеді. Институтта патриоттық тәрбиелеудің негізіне оның тарихы мен сабақтастығы енгізілуі тиіс. Атап айтқанда, қазіргі заманғы студенттік жастарға түсінікті болатын барлық құндылық пен мәні соның негізінде жатыр.  Соған байланысты азаматтық-патриоттық тәрбиенің және рухани-адамгершілік құндылықтардың  ерекше рөлі «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеяға бағытталады.

Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 5 институционалдық реформаларын жүзеге асыру бойынша Ұлттық жоспар шеңберінде Рудный индустриялық институтының ректоры Ә.Б.Найзабековтың бастамасымен 2015 жылғы 08 қазандағы №197 бұйрығымен «Мәңгілік Ел» орталығы ашылды және орталықтың Концепциясы, ережелері және жұмыс жоспары, бекітілді.

ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

ҚҰЖАТТАРЫ

ГАЛЕРЕЯ