образ-программ-каф-сисм-каз


Құрылыс және құрылыстық материалтану кафедрасының білім беру бағдарламалары

Құрылыс және құрылыс материалтану кафедрасы (ҚжҚМ) бакалавриаттың төрт білім беру бағдарламасы бойынша даярлайды:

– Құрылыс;

– Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру;

 – Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы;

– Дизайн.

«Құрылыс» білім беру бағдарламасы BIM-технологиялар негізінде құрастырудың кәсіби дағдыларын және құрылыс жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мен жүргізудің заманауи әдістерін меңгерген түлектерді дайындауға бағытталған. Заманауи бағдарламалық қамтамасыз етуді кезең-кезеңмен игеру жолымен сәулеттік-құрылыстық 3D жобалау әдістеріне көшу жүзеге асырылады. Құрылыстың сметалық құнын есептеудің ресурстық әдісін іске асыратын заманауи компьютерлік бағдарлама енгізілді. 2017 жылы          «Құрылыс» білім беру бағдарламасы ACQUIN (Германия) аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институтында Халықаралық мамандандырылған аккредиттеу туралы куәлік алды.

«Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» білім беру бағдарламасы заманауи құрылыс үшін ұзақ мерзімді материалдардың ресурс үнемдеуші технологияларын жобалау дағдыларын меңгерген, өндірістік үдерісте ғылыми жетістіктерді пайдалана алатын түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Студенттердің ғылыми зерттеулерге белсенді қатысуы-құрылыс материалдарын өндіру технологын кәсіби дайындау үшін міндетті шарт. Жыл сайын мамандық студенттері халықаралық, республикалық, ЖОО байқауларында, олимпиадалар мен конференцияларда марапаттарға ие болады. «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы өткізетін рейтингтегі білім беру бағдарламасының алғашқы позициясын кәсіби даярлаудың жоғары деңгейі туралы куәландырады. 2019 жылдың мамыр айында білім беру бағдарламасы тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің рейтингісінде 3 орын алды. 2019 жылдың мамыр айында Халықаралық мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде KazSEE Аккредиттеу Орталығында «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» білім беру бағдарламасына EUR-ACE Bachelor инженерлік білім беру сапасының еуропалық белгісі берілді.  Сапа белгісін беру-оқытудың жоғары стандарттарының көрсеткіші және түлектерге Еуропа елдерінің кәсіпорындарында жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» білім беру бағдарламасы көркем жобалау, құрастыру, шағын және орта бизнестің тігін кәсіпорындарына, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарға, модельдер үйлеріне арналған киім технологиясы саласында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды, сондай-ақ сән және имидж саласындағы консультациялық және ғылыми-зерттеу қызметіне арналған мамандарды дайындауға бағытталған. Студенттер визуалды бағдарламалау технологиясын қолдана отырып, киім үлгілерін компьютерлік құрастыру әдістерін меңгереді. «Атамекен» Тәуелсіз Қазақстандық агенттігінің деректері бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарының «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығы бойынша білім беру бағдарламалары рейтингінде РИИ позициясы 2018 жылы 2 орынға ие болды. 2019 жылдың мамыр айында «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» білім беру бағдарламасы KazSEE Аккредиттеу Орталығында Халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті.

«Дизайн» білім беру бағдарламасы заманауи 3D дизайн нысандарын жобалау дағдыларын меңгерген түлектерді дайындауға бағытталған. Кафедрада кескіндеме, сурет және дизайн студиялары бар. Студиялардың материалдық базасы студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың кәсіби дизайнерлердің техникалық және көркемдік дағдыларын меңгеруіне жағдай жасайды. 2019 жылдың мамыр айында «Дизайн» білім беру бағдарламасы KazSEE Аккредиттеу Орталығында Халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті.

Call-центр
+7 (71431) 95723

Приемная комиссия

Наш номер: +7 (71431) 92 568
Моб. номер: 8 702 922 27 43
Наша почта: priemcom_rii@mail.ru