Ректор балы – 2019

Институтымыздың ең белсенді студенттерінің басын қосқан Ректор балы осы жылғы ақпан айының ең қызықты оқиғасы болды. Жыл бойы оқуда, өнер мен спортта өз белсенділігін көрсеткен студенттеріміздің барлығы дерлік салтанатты кештің қонақтары болды. Мерекелік кешті ашу мәртебесі институтымыздың ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Найзабеков Әбдірахман Батырбекұлына берілді. Өз кезегінде Әбдірахан Батырбекұлы осы жылғы институтымыздың жетістіктерін айтып, студенттерімізді мерекемен құттықтады.

Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 2019 жыл – Жастар жылы деп жарияланды. Елбасының жастарға ерекше ықылас танытып, қолдау көрсетуі – өскелең ұрпақтың бойында азаматтық жауапкершіліктің еселей артуына әсер етуіне сеніміміз мол. «Жастар жылы» – жаңа мүмкіндіктер жылы. Бұл – жастардың өз қабілетін дамытып, оны әлем деңгейінде көрсетуге мүмкіндік беру, инновациялық, әлеуметтік, қоғамдық бастамалардың қолдау тауып, жаңа сатыға аяқ басуы. «Жастар жылы» – тың серпілістер жылы, сол себептен де биылғы  «Ректор балы – 2019» Жастар жылына арналды.

Әрбір мерекелік кештің ханзадасы мен ханшайымы болатыны анық. Осы орайда «Дисней ғажайып әлемі» тақырыбында студенттеріміз өз өнерлерін көрсетті. Тартысты да қызықты сайыс кеш қонақтарын өзіне баурап алды.

Қазылар алқасының шешімімен  2019 жылдың Ректор балы  ханзадасы мен ханшайымы болып,   Энергетика және ақпараттық жүйелер факультеті студенттері Тобыл Қайсар мен Есеналиева Айгерим танылды! Осыған орай Қайсар мен Айгеримді шын жүректен құттықтай отырып, Жастар жылында киелі оқу ордамыздың биік белестерді бағындыруына өз үлестерін қосады деп сенім білдіреміз.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Facebook
Facebook
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте