РИИ еріктілері мүгедек балаларды Жаңа жылмен құттықтайды

2018 жылғы 27 желтоқсанда Рудный индустриялық институтының студенттері Жастар саясаты қызметінің жетекшісі М. Е. Боранбаева және РИИ кәсіподақ комитетінің төрайымы Е. Г. Набиуллинамен бірігіп Коррекциялық мектеп-интернатында мерекелік іс-шара өткізді. Студенттердің өнерін балалар үлкен қуанышпен қабылдады. Біздің Аяз ата мен Ақшақар балаларға тәтті сыйлықтар мен кеңсе заттары салынған пакеттерді сыйға тартты. Мүгедек балалар құттықтауды шын жүрекпен қабылдап, риза болды.  Мерекелік кездесу балалардың Аяз ата және Ақшақармен бірге фотосессиясымен аяқталды. Мектеп директоры ректор Әбдірахман Батырбекұлы Найзабековке, қайырымдылық ертеңгілігінің барлық қатысушыларына үлкен алғысы мен зор ризашылығын білдірді.