РИИ СТУДЕНТТЕРІ – ТАҒЫДА КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА!!!

РИИ СТУДЕНТТЕРІ ТАҒЫ ДА КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА!!!

2019 ж. 19-24 тамыз аралығында Ертіс жағалауында “BigIdeasCamp”жазғы кәсіпкерлік мектебі өтті.

Big Idea Camp ERG компаниясы (Еуразиялық топ) бастамасымен 2017 жылы Алматы менеджмент университетімен және Қазақстандағы Тель-Авив Университетінің достар қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырған «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасы аясында ұйымдастырылған.

Жазғы кәсіпкерлік мектебі 90-ға жуық қатысушыларды біріктірді, оның ішінде 5 амбассадор #EcoSystemERG, 16 жаттықтырушы, 8 қонақ спикер, 7 ментор бар.

BigIdeasCamp бағдарламасы кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға және студенттік стартаптарды құруға бағытталған 2400 минутты қарқынды жұмыс жүргізді.

РИИ студенттері 4 трекке қатысты:

бірінші трек – бұл кәсіпкердің жеке және көшбасшылық дағдыларын дамыту шеберханасы;

екінші трек – дизайн-ойлау, идеядан прототипке дейінгі стартаптарды құру үдерісі;

үшінші трек – кәсіби дағдыларды дамыту бойынша тренингтер;

төртінші трек – шабыт үшін қонақ бөлмесі.

Жазғы мектептің негізгі компоненті – дизайн-ойлау, оның маңызды сәті-пайдаланушыларға назар аудару. Дизайн-ойлаудың жаттықтырушылары-Медина Мамежанова (бизнес-жаттықтырушы, коуч, t&DFest ұйымдастырушысы) және Надежда Червякова (бизнес-жаттықтырушы, урбанист, фасилитатор).

24 тамызда командалар апта бойы әзірлеген өз жобаларын қорғады. Екі лига финалға шықты.

В финале  победу одержала команда студентов РИИ «Englishteam» в составе       Уразымбетова Нурлана (гр.ЭЭ-16), Тобыл Ауез (гр.ЭЭ-16 ко), Ерсаинова Алиби (гр.ЭЭ-16), Булатова Диас (ТКИЛП-16) с проектом создания SMM-агентства в Рудном.

Финалда РИИ студенттері, Уразымбетов Нурлан (ЭЭ-16 т.), Тобыл Ауез (ЭЭ-16 қб т.), Ерсаинов Алиби (ЭЭ-16 т.), Булатов Диас (ТКИЛП-16 т.) «Englishteam» командасы «Рудный қаласында SMM-агенттігін құру» жобасымен жеңіске жетті.

Жеңімпаздар 250000 теңге көлемінде жүлде алды!!!

 

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Facebook
Facebook
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте