РИИ түлектері қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары оқу орындарының тізіміне енді

“Атамекен” ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп Қазақстанның жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингісініңүшінші кезеңініңқорытындысын шығарды.

Биылғы жылы талдау рейтингпен 92 мамандыққамтылды, 2 мыңнан астам білім беру бағдарламасы бағаланды, Қазақстанның барлық аймақтарынан 700-ден астам сарапшы тартылды.

“Бағалаудың ең басты өлшемдерінің бірі жұмысқа орналасу пайызы, сондай – ақ еңбек ақысының орташа деңгейі болды, ол белгілі бір жоғары оқу орындарының бітірушілеріне еңбек нарығының мүдделілігін өлшеуге айналды”, – деп атап өтті коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында “Атамекен” ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

Ұлттық палата жүргізген жоғары білім беру нарығын зерттеу барысында кейбір жоғары оқу орындарының бағдарламалары пысықтауды қажет етеді немесе ескірген, әсіресе бұл проблема техникалық мамандықтарға қатысты болды.

“Жоғары оқу орындарының 8800 түлегі сұралды. Біз барлық жоғары оқу орындары мен барлық мамандықтарды қамтдық. Рейтинг барысында түлектердің 35,4% – ы мамандық бойынша емес, ал түлектердің 40% – ы 12 ай ішінде жұмысқа орналаспағаны анықталды”, – деді статистиканы Олжас Ордабаев.

Мамандық бойынша келесі оқу бағытының түлектері жұмыс істемейді: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес – 40,24 пайыз, техникалықғылымдар мен технологиялар – 41,97 пайыз, құқық – 43,73 пайыз, қызмет көрсету саласы – 43,42 пайыз, ауыл шаруашылығы ғылымдары-51,06 пайыз.

Әр түрлі мамандықтағы түлектердің жұмысқа орналасуы 50 пайыздан төмен деңгейде 68 жоғары оқу орны бар.

Талдау көрсеткендей, орташа жалақы деңгейі келесі бағыттар бойынша:

– әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес – 114 721 теңге,

– техникалықғылымдар мен технологиялар – 149 963 теңге,

– құқық-89 434 теңге,

– қызмет көрсету саласы-98 180 теңге,

– ауылшаруашылығығылымдары – 77 045 теңге.

92 мамандық бойынша жұмысқа орналасудың орташа пайызы – 67,4 пайыз, ал ең төменгі деңгей “Кеден ісі” мамандығы бойынша – 41 пайыз. Сондай-ақ зерттеу барысында көптеген студенттердің пәндер мен мұғалімдерді таңдауда Болон жүйесіндегідеймүмкіндіктері жоқтығы көрсетілді.

“Көшбасшы университеттер туралы айтар болсақ, Нархоз, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Рудный индустриялық институты, Алматы менеджмент университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты түлектері өздерін сенімді сезінеді”,-деп атап өтті Ордабаев.Сондай-ақ, рейтинг: Маңғыстау гуманитарлық техникалық университеті, Орталық Азия университеті, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті, Астана Университеті, “Болашақ”университеті.