Рудный индустриялық институтында кәсіпкерлік бастаманы және бизнес-тәлімгерлік «Rudny Business Talks» Форумы өтті!

Рудный индустриялық институтында кәсіпкерлік бастаманы және бизнес-тәлімгерлік «Rudny Business Talks» Форумы өтті!

Іс-шара бастаушы және тәжірибелі кәсіпкерлердің, студент жастардың, жұмыссыздардың және БАҚ-тың қатысуымен өткізілді.

Форумның арнайы қонақтары болды:

Ғани Абадан-Abadan Consulting консалтингтік компаниясының және жиһаз жеткізу компаниясының негізін қалаушы, бизнес-тәлімгер, Бизнес-кеңесші, «100 жаңа тұлға»,

Татьяна Галиаскарова – «Элит» корпорациясының тең құрылтайшысы коучинг-психолог, бизнес-тәлімгер,

Ергалиев Азамат-жеке кәсіпкер, шаштараз,

Струлева Лилия – «Бастау» жобасының қатысушысы, жеке кәсіпкер «Live Food», бастаушы business-woman,

Шпехт Виталий-бастаушы кәсіпкер, «Бастау»жобасының қатысушысы.

Диалог алаңы барысында спикерлердің әрқайсысы өз жетістіктерінің тарихымен бөлісіп, жас кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып, жас ұрпаққа бизнесті құру туралы кеңестер беріп, аудиторияның барлық сұрақтарына жауап бере алды.

Кәсіпкерлік белсенділіктің өсуі біздің мемлекетіміздің дамуына жағымды әсер ететінін атап өткен жөн.

Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев шағын бизнесті дамытуды қолдау бойынша бірқатар шаралар туралы айтты,бұл 3 жылдық мараторий тексеріс жүргізу және салық төлеуден сол мерзімге босату.

Мемлекет бизнесті, ең алдымен шағын бизнесті қолдайтын басты себептердің бірі өзін-өзі жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын құру және тиісінше кәсіпкерлердің, яғни еліміздің азаматтарының өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады.

Форумды ұйымдастыруға және дайындауға белсенді қатысты Рудный индустриялық институты Рудный қаласының әкімдігі қаулы, Рудный қаласының Жастар ресурстық орталығы, кәсіпкерлер палатасы «Атамекен».

Жалпы жастар жылы аясында осындай іс-шараларды өткізу дәстүрі алдағы уақытта да жалғасын табады.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Facebook
Facebook
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте