Рудный индустриялық институтында 2019 жылдың 12 қыркүйегінде ПОҚ, қызметкерлері мен студенттерімен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» Жолдауын түсіндіру және талқылау бойынша жиналысы өтті.

2019 жылдың 12 қыркүйегінде Рудный индустриялық институтының профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен студенттерінің ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» Жолдауын түсіндіру және талқылау бойынша жиналысы өтті.

Жиналыстың модераторы  РИИ ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Әбдірахман Найзабеков болды. Әбдірахман Батырбекұлы өз сөзінде білім беру мен мамандарды даярлаудың сапасын арттырудың негізгі мәселелеріне назар аударды, кадрларды даярлаудың заманауи жүйесінің басымдықтары мен Рудный индустриялық институтын дамытудың стратегиялық бағыттары туралы айтты.

Сондай-ақ жиналысқа қатысушылар алдында институт оқытушылары мен белсенді студенттері сөз сөйледі:

– Инженерлік және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Мәрзия Сұлтанғалиева. Баяндама тақырыбы: «Президент жолдауындағы «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» басымдылығы туралы»;

– Құрылыс және құрылыстық материалтану кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты Владимир Шамов: «Урбанизация және біртұтас тұрғын үй саясаты. Инфрақұрылымды дамыту»;

– «Электр энергетикасы» мамандығының 4 курс студенті Дәулет Жадырасын. Баяндама тақырыбы: «Президент жолдауы – бәсекеге қабілетті жастардың инновациялық дамуы»;

– «Экономика» мамандығының 2 курс студенті Ангелина Кротенко. Баяндама тақырыбы:«Елбасы Жолдауына жастардың көзқарасы».

Рудный индустриялық институтының ұжымы Елбасының алға қойған міндеттерін іске асыруға дайындығын білдірді.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Facebook
Facebook
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте