«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық жобасы» бойынша өткізілген онлайн-сабақтың есебі
2020 жылдың 04 және 06 мамырында 1 курс студенттерімен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы белгілеген мақсаттарды жүзеге асыру барысында студенттерді «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық жобасы» оқулықтарымекн таныстыру бойынша онлайн-сабақ өткізілді. Бірнеше апта бұрын студенттерге онлайн-сабақ бойынша жалпы бағыт беріліп, осы жобаның тіл саласына қатысты оқулықтарының атауы, авторлары туралы жалпы мәлімет ұсынылды, оқулықпен қалай таныстырылым жасалуы қажеттігі түсіндірілді.
04.05.2020 күні АУ+Диз-19 топтарында қазақ тілі пәнінен студенттер өздерінің «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық жобасы» дайындаған хабарламаларымен таныстырып, презетацияларын қазақ тілінде әңгімелеп берді. Студенттердің бұл өздік жұмысты дайындаудағы ынталары олардың тапсырмаға жауапкершілікпен қарағандарын көрсетті. Жұмыстар ішінен Ау-19 тобының студенттері Шубин Юрий «Тіл-инстинкт», Абдихамитов Мирас «Тіл тарихы» оқулығы туралы, ал Диз-19 тобынан Петкевич Виктория «Семиосфера» кітабы туралы әңгімелерін атауға болады.
06.05.2020 күні осы тақырыптағы сабақ Ст-ПСМ+ТКЛП-19ко топтарында орыс тілінде өткізілді. Атап өтерлік жай, 1 курс қазақ бөлімінің студенттері орыс тілі сабағында бұл оқулықтармен жыл бойы жұмыс жасап келді, сондықтан оларға сабақ қиын болған жоқ. Бұл сабақтағы Ст-19ко тобының студенті Бирназарова Шынар «Семиосфера» , ПСМ-19ко, Серікбай Ерболат «Тіл-инстинкт» және ТКЛП тобынан Жакупова Карина «Тіл және мәдениетаралық коммуникация» сияқты өз жұмыстарын орыс тілінде жақсы қорғап шықты. Барлық студенттердің де тілге, білімге деген құштарлықтарын атап айтуға болады. Сабақ өз мақсатына жетті, бұл жұмыс осылайша жалғасын таба бермек, алда да студенттер жаңа оқулықтармен үнемі танысып отыратын болады.
Султангалиева М.Д. ИжӘГП кафедрасының аға оқытушысы

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Facebook
Facebook
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте