«МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ – ИНДУСТРИЯҒА!» – «СЕРПІН»

 

БАҒДАРЛАМА ЖАЙЫНДА

2014 жылдан бастап Қазақстанда «Серпін-2050» «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы жұмыс жасайды.

Бағдарлама мақсаты – Қазақстанның шығыс, солтүстік және батыс аймақтарында жұмыс тапшылығына байланысты оңтүстік өңірінің (Алматы, ОҚО, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары)  жастарын оқытып, жұмысқа орналастыру.

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға» әлеуметтік бағдарламасы шеңберінде 2015-2016 оқу жылында Рудный индустриялық институты алғаш рет 115 студентті қабылдады.

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға» әлеуметтік бағдарламасы шеңберінде 2017-2018 оқу жылында Рудный индустриялық институты алғаш рет 76 студентті қабылдады.

ЖОО

КОЛЛЕДЖДЕР

0
теңге
шәкіртақы
0
грант
0
грант
0
теңге
шәкіртақы

Студенттер келесі мамандықтар бойынша оқытылады:

Тау-кен ісі

  • код: 5В070700
  • студент саны: 23

Ақпараттық жүйелер

  • код: 5В070300
  • студент саны: 23

Электроэнергетика

  • код: 5В070200
  • студент саны: 22

Автоматтандыру және басқару

  • код: 5В070200
  • студент саны: 20

Металлургия

  • код: 5В070900
  • студент саны: 18

Жылуэнергетика

  • код: 5В070700
  • студент саны: 15

Құрылыс

  • код: 5В072900
  • студент саны: 20

Аталмыш бағдарлама бойынша білім алушылар ай сайын шәкіртақымен, сонымен қоса демалыс уақытына жол ақысымен қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша білім алып жатқан барлық студенттер жатақхана орындарымен 100%  қамтамасыз етілген.  Бөлмеде 2-3 студенттен бөлімдер бойынша орналасқан. Қыздар жеке қанатта орналасқан. Ас бөлмелері қыздар мен ұлдарға бөлек. Үтіктеу бөлмесі бар,  кір жуатын бөлмелері кір жуғыш машиналарымен жабдықталған.

Жатақханаларда жаттығу залы мен тегін WI-FI қызмет етеді. Сонымен қатар оқудан тыс уақытта студенттер мини-футбол, волейбол, баскетбол  спорт секцияларына барады. Студенттер вокал, би, интеллектуалды, поэзия, тіл, КВН сияқты студенттік шығармашылық ұжымдарға қатысады.

Меңгерушісі

ЕСЖАНОВА Айнат Умеркуловна

Тәрбие және әлеуметтік жұмыс бойынша департаментінің директоры

   +7 (71431) 9 55 73