Халықаралық ынтымақтастық

Халықаралық ынтымақтастық

Рудный индустриялық институтының халықаралық қызметі әлемдік білім беру және ғылыми қоғамдастық пен Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесіндегі Институт рөлін интеграциялануға бағытталған.

РИИ Болон үрдісінің принциптерін қолдайды: білім беруде  кредиттік технологияны жетілдіру, оқытушылармен студенттердің акедемиялық ұтқырлығын қамтамасыздандыру, дипломға  біріңғай Еуропалық қосымшасын беру; оқу үрдісінің сапасын қадағалау; кеідипломдық білім беруді әрі қарай жетілдіру және т.б.

Еуропалық білім беру кеңістігіне Қазақстаның әлемдік білім беру кеңістігіне кіріу үрдісі келесі қадам ғана емес, сонымен қатар білім беру қызметтерінің ішкі қазақстандық нарығының қажеттіліктеріне жауап беру:

Бірлестірілген білім беру кеңістігін құрудың басты мақсаты – сапалы және әлемдік қоғамдастықпен біртіндеп интеграциясын жақсарту үшін қазақстандық жоғары білім беруі, теңбе-тең халықаралық стандарттарды енгізу.

Қазіргі уақытта ғылым мен білім саласындағы шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы 50 келісім-шартқа қол қойылған жәнеде тиімді жүзеге асырылуда.

Ресей, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Польша, Чехия, Қытай және басқа да жетекші жоғары оқу орындарымен серіктестік орнатылды.

Халықаралық ынтымақтастық шетелдік жоғары оқу орындарының, халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларына, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру, ғылыми семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру, профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттермен алмасуды дамыту, алмасу әрі қарай ынтымақтастық бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады.

РИИ-ң негізгі міндеті халықаралық ынтымақтастыққа институттың қатысу мәселелерімен принциптері және студенттердің академиялық ұтқырлығын дамыту, халықаралық байланыстарды нығайту болып табылады.

РИИ-ң негізгі міндеті институтың халықаралық жобаларға қатысуға үйлестіру сұрақтары, студенттердің академиялық ұтқырлығын принциптерін дамыту, халықаралық байланыстарды нығайту болып табылады.

  • шетелдік ұзақ мерзімді келісім-шарттар негізінде жоғары оқу орындарының және қысқа мерзімді бағдарламаларымен институтының жұмысын үйлестіру;
  • білім беру бағдарламалары және білім берудің үйлестіру саласындағы ынтымақтастығы;
  • Институтта шетел азаматтарын түрлі оқыту бағдарламаларымен дайындауды ұйымдастыру;
  • Институттың оқытушылары мен қызметкерлер және студенттердің халықаралық ғылыми білім беру жәнеде басқада білім беру мекемелерінде оқытып тағылымдама алуды ұйымдастыру;
  • халықаралық жобалармен бағдарламаларды жүзеге асыру;
  • Институт түлектері және басқа жақын және алыс шетел жоғары оқу орындарындарымен байланыстарды ұйымдастыру және үнемі жүргізу.

Мен, Таукина Динара «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығының студенті шетелде оқуға іріктеуге қатыстым.

2016-2017 оқу жылының күзгі семестрінде Рига техникалық университетінде академиялық ұтқырлық бойынша оқуым өте сәтті өтті.

Мен келгеннен кейін Рига техникалық университеті Солтүстік Еуропаның ең ескі техникалық университеті және 150 жылдан астам тарихы бар, Латвиядағы көп мақсатты техникалық университеті екенін білдім.

Университет инженерлік ғылымдар саласындағы техникалық білімнің толық спектрін ұсынатын 8 факультеттен тұрады. Сондай-ақ халықаралық студенттер үшін қолайлы жағдайлар мен түрлі бағдарламалармен танымал.

Университетте 17 000-нан астам студент оқиды. Университет барлық студенттерді табысты зерттеуге қажетті барлық заттармен қамтамасыз етеді, оның ішінде кітапханасында кең көлемдегі кітаптар жинағы бар, тіпті жақсы дамыған онлайн платформасымен студенттік орталық және спорт залы бар. Университетте барлық бағыттар мен мүдделерде белсенді жастар ұйымдары бар. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында, менің мамандығым бойынша білімімді тереңдете алдым деп ойлаймын. Университетте мен оқыған пәндер арасында «Сәулет дизайны», «Желдету, жылыту және ауаны баптау» және т.б. пәндері болды.

Сондай-ақ Еуропадағы цемент «Cemex» өндірісі бойынша ең ірі зауыттардың бірінде болдым .

 Менің сапарымның маңызды емес бөлігі рухани даму және әлемдік көзқарастың кеңеюі болды, өйткені университетте көптеген халықаралық студенттер бар, семестр бойы әр елдің мәдениеті, салт-дәстүрлері туралы көп  түрлі мәдени іс- шаралар өткізілді.

Менің атым – жөнім Айбек Олжабай. 2015 жылы РИИ-ге «Энергетика» мамандығына оқуға түстім!

2016 жылы өзге елдерге  студенттермен алмасу бағдарламасына қатысуға мүмкіндігім болды, атап айтсақ семестрге Латвияның Рига техникалық университетінде оқуға баруға мүмкіндік алдым.

Менің оқуым 4 айға созылды, бұл бағдарламада бакалавриат студенттері үшін ең төмен оқу кезеңі.

Мен таңдаған пәндердің көпшілігі электротехника мен физикаға байланысты болды, өйткені бұл менің мамандығым.

Университет оқытушылары ағылшын тілінде жетік сөйлейді, кейбірі тіпті орыс тілін де біледі. Кейбір курстар өте қызықты практикалық жаттығулармен толықтырылады. Кейбір курстар соңында орындалған жұмыстар туралы есеп беру қажет. Менде үлкен қиындықтар болған жоқ, үйткені барлық оқу-әдістемелік материалдарды оқытушылар сайтқа  электронды түрде орналасытады.

Университетте оқыту әдісі Қазақстанда қабылданғаннан оқыту әдісінен  өзгешелігі көп.

РТУ оқытушылары студенттер жұмысының көбін өздері жасағанын талап етеді, содан кейін алынған білімді тексереді. Маған мұндай көзқарас өте ұнады, және менің ойымша, бұл тиімдірек. Оқытушылардың көпшілігі өте талантты адамдар!

Мен (KIPSALA) жатақханасында тұрдым онда студенттердің көпшілігі Erasmus бағдарламасы бойынша оқуға келген студенттер болды.

Менімен бірге Тайваннан, Канададан, Қазақстаннан, Перудан және Польшадан келген балалар тұрды. Біз өте тату тұрдық және достасыпта кеттік,  жиі түскі ас және кештер ұйымдастырық.

Университетте студенттік өмір өте дамыған. Тіпті студенттік клубтың бізге ұсынған барлық ұсыныстарының тізімін атап өтуде қиын.

Алғашқы аптада университетті, қаланы және басқа студенттермен таныстыру туралы түрлі іс-шаралар өткізілді. Аптада сайын бірнеше елге ұсынылған презентациялар болды. Бұл бағдарламаға қанша мемлекеттің қатысқаны таңғалдырды. Басқа тілдермен және мәдениетпен танысу мүмкіндігі өте көп болды. РТУ-не оқуға барып келгеннен соң  жақсы естеліктер және көптеген халықаралық достарым пайда болды. Бұл университетте оқу тек қана кәсіби салада ғана емес, ағылшын тілін жақсарту үшін де жақсы мүмкіндік.

Қорытындылай келе шетелде оқуға мүмкіндік беретін жоғары оқу орнымен әкімшілікке  үлкен алғысымды білдіргім келеді

Сапар барысында алынған тәжірибе кәсіби деңгейде де, жеке жоспарда да өте маңызды болды.

 Осы мүмкіндіктің арқасында біздің жоғары оқу орнынын студенттері үшін де, өздері үшін де дамудың жаңа көкжиегін ашуы мүмкіндігі зор.

Мен, Кошмаханова Айжан, 2015 жылы Рудный индустриялық институтының «Кәсіптік оқыту» мамандығына түстім. РИИ-де оқыған кезімде біздің институттың шетел университеттерімен тығыз жұмыс істейтінін білдім. Содан кейін менде Еуропада оқу арманы пайда болды: Менің арманымды орындауға Рудный индустриялық институты маған мүмкіндік берді. Бұл менің Еуропаға алғашқы сапарым болды.

Бұл тәжірибе мен үшін өте маңызды! Сапар маған өмірдің ұмытылмас сәттерін берді. Бұл жерде студенттік өмір шын мәнінде алтын уақыт екенін түсіндім. Басқа елде бола отырып, мен өзімнің институтымның қамқорлығын түсіндім. Басқа университеттердің бірі өз студенттеріне РИИ ұсынған шарттарды ұсына  алмады! Рига техникалық университетінің кампуста орналасқан Kipsala жатақханасында тұрдым, қаланың орталығында және ірі сауда орталығының филиалдарының жанында орналасқан. Жатақхана аумағында түрлі спорттық ойындар ойнай алатын, шөпке жататын, шөпті беті бар аула бар. Жатақханада блоктарға бөлінген, бөлмелер пәтер ретінде жоспарланған. Студенттер Рига техникалық университетінің ғылыми кітапханасының қызметтерін пайдалана алады, көптеген кітаптар мен түрлі дерекқорлар мен электронды ресурстарды қолдану мүмкіндігін ұсынады.

Рига техникалық университетінің педагогтары – бірінші класты практиктер мен теоретиктер. Ригада білім алу – бұл қызықты білім беру бағдарламасы, керемет тәжірибе алмасу, саяхаттау және жаңа мәдениетпен танысу мүмкіндігі. Сонымен қатар, шетелде оқып үйрену – шет тілін меңгерудің  тәжірибесі. Латвияда бола отырып, мен ағылшын тілін айтарлықтай жақсарта алдым, Латыш тілінде де сабақтарға қатыстым. Оқу үрдісі жақсы әсер қалдырды, курстастарымда тату болды. Менің саяхатымның алғашқы күндерінен бастап Латвияға деген сүйіспеншілігім зор болды. Мен Сигулда, Юрмала және Рига сияқты қалаларға таңданамын. Қала ішінде жүру өте ыңғайлы. Барлығы қол жетімді. Көптеген әдемі жерлер: көне қорғандар, әдемі пейзаждар, тарихи орындар өте көп.

Бұл шынымен ұмытылмас саяхат болды! Ең бастысы – мен болашағымды таңдадым!

Рахмет сіздерге! Менің қазіргі жетістігім – сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесі!

2005 жылдан бастап, Институт халықаралық студенттермен алмасу IAESTE бағдарламасына қатысады.

РИИ студенттері жыл сайын Германия, Чехия, Польша, Грекия, Түркия, Корея, Италия және басқа да елдердің жоғары оқу орындары мен кәсіпорындарда тәжірибеден өтеді. Сонымен қатар, РИИ Еуропа, Азия және АҚШ-тан тәжірибе алушыларды қабылдайды.

2011 жылы, конкурстық іріктеудің нәтижесінде РИИ INSPIRE грантын жеңіп алды.

Осы жобаның аясында РИИ делегациясы Лондонда Ұлыбритания, Нью-Йорк, Кэмбридж барып қайтты.

Жыл сайын РИИ Қазақстан, Ресей және Еуропа түрлі оқу орындарымен бірлесіп, ТЕМПУС бағдарламасы бойынша ынтымақтастықты дамыту, энергетика, көлік-логистикалық, экономика, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жоғары оқу орындарының, ақпараттық жүйелер және басқа да әр түрлі мамандықтар бойынша бірлесіп оқу бағдарламалары, әр түрлі салалар бойынша магистратура ашу бойынша ұсыныстар дайындалып әзірленеді.

2011-2014 жылы РИИ-да «Темпус» бағдарламасы бойынша «Эко-инженерлік – экологиялық және жаңартылатын ресурстармен биологиялық қалдықтарды өңдеу және орнықты пайдалану» тақырыбы бойынша бағдарлама жүзеге асырылды. € 92 мың жалпы сомасы.

2013-2016 жж. РИИ-де Ресей мен Қазақстанда кәсіби IT-білім дамытуға бағытталған TEMPUS543808-TEMPUS-1-2013-1-BE-TEMPUS-JPHES PICTET ««EQF-based professional ICT training for Russia and Kazakhstan»»,  Халықаралық Темпус жобасы Еуропалық тәжірибеде негізделіп жүзеге асырылуда.

Жоба аясында Автоматтандыру және ақпараттық жүйелер кафедрасының  қызметкерлері Болгар, Грекия, Италия және  ЖОО-білім алуда,  Мотраро технопаркінде (Испания) ЖОО-да білім алуда, И. Попов және М. Рахметов IT-компаниясында Тессалоники қаласында (Греция) тәжірибеден өттіп келді.

2014 жылы «Шақырылған профессор» бағдарламасы бойынша білім беру бағдарламасы бойынша «Металлургия» студенттеріне Солтүстік Вирджиния (АҚШ) жалпы коледжінің профессоры Филипп Аймел сабақ жүргізді.

2014 жылы (күзгі семестрде) Б. Мухамедкалиев, А. Мажанова және В. Марар Висмарлық қолданбалы ғылымдар университеті: технология, бизнес және дизайн (Германия) жәнеде академиялық ұтқырлық аясында Р. И. Файзуллин,  Н. Абилькадыров Теннесси Технологиялық Университетінде  (АҚШ) оқып келді.

2015 жылы (күзгі семестрде)  С. Кузьмин, А. Кенжетаева және П.Ланчев Риж технологиялық университетінде (Латвия)  академиялық ұтқырлық аясында оқып келді.

ШЕТЕЛДІК  СЕРІКТЕСТЕР

Проведения 60-летнего юбилея Рудненского индустриального института

Call-центр
+7 (71431) 95723

Приемная комиссия

Наш номер: +7 (71431) 92 568
Моб. номер: 8 702 922 27 43
Наша почта: priemcom_rii@mail.ru