ІС-ШАРА

ІС-ШАРА

1 қыркүйек күні еліміздің әрбір бұрышында оқу орындары жаңа оқу жылына өз есіктерін ашады, сонымен қатар Рудный индустриялық институты да тыс қалған жоқ.

         Жаңа оқу жылының басталуымен барлық оқытушыларды және студенттерді Рудный индустриялық институты ректорының  міндетін атқарушы Лариса Леонидовна Божко құттықтап, өз сөзінде баршаға табысты жұмыс пен оқуда жетістіктер тіледі.

         1 қыркүйек – бұл баршамыздың мерекеміз, себебі кез келген жұмыстың, мамандықтың, тіпті хоббидің да негізінде білім жатыр. Білім адамға өмір жолын таңдауда сенімділік пен еркіндік және өз қабілеттерін іске асырып жетістікке жетуге мүмкіндік береді. Профессорлық-оқытушылық құрамы атынан техника ғылымдарының кандидаты, тау-кен металлургия факульетінің деканы Кузьмин Сергей Львович, Инженерлік және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының, гуманитарлық білім магистірі  Нурмагамбетова Гульмира Турмановна сөз сөйледі.

         Ел басшылығының басты назары жастарда, өйткені жастар қазіргі заманғы Қазақстанның стратегиялық алға тартушысы болып табылады. Еліміздің қазіргі таңғы жағдайы, қажеттіліктері, қызығушылықтары, құндылықтары және мүмкіндіктері және олардың іске асуын анықтайтын контурлар еліміздің алдағы болашағы. Біздің ЖОО-да студенттік өзін-өзі басқару өте белсенді дамуда. Өз құттықтауларын Рига техникалық университетінде академиялық мобильділік шеңберінде оқудан өткен энергетика және ақпараттық жүйелер факультетінің 4 курс студенті Кошмаханова Айжан, және қазіргі таңда жеке кәсіпкер экономика және құрылыс факультетінің 3 курс студенті Пустотин Павел білдірді. Олар студенттерге студенттік өмірлерінде сәттілік, шығармашылық табыс, оқуда жетістіктер тіледі.

         Содан соң «Білім күні» бағдарламасы бойынша 2-4 курс студенттеріне арналған ҚР Конституция күніне орай «Қазақстан Республикасының Конституциясы – теңдік пен әділеттіліктің кепілі» және «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» тақырыбында жалпыинституттық дәрістік  сағаты өтті. Ал бірінші курс студенттері институт ішіндегі студенттердің өзін-өзі басқару құрамындағы белсенді студенттерімен танысты. «Білім күні» бағдарламасының соңы «Школа первокурсника 2018» болды, жаңа келген студенттерге семинарлар, танысу тренингтері, шығармашылық қабілеттерін ашуға арналған және т.б. тренингтер өткізілді.

день знаний 2018

13 сентября 2018 года студенты 1 курса Рудненского индустриального института посетили городской мечеть.

2018 жылғы 13 қыркүйекте Рудный индустриялық институтының 1 курс студенттері қалалық мешітке экскурсияға барды. Студенттер қала мешітінің имамымен танысып, мешіттің ішін аралап шықты.

Кездесу барысында имам ислам дінінде жастық шақтың орны ерекше екендігін, сондықтан студенттердің алтын уақыттарын бағалай білуге, білім алуға деген белсенділікті арттыруға жұмсауларын ескертті. Әр адамның иманы оның бойындағы тәлім-тәрбиесінің деңгейіне байланысты екенін айта кетті. Кездесу барысында имам студент жастардың қойған сауалдарына жауап беріп, көкейде жүрген әр түрлі жайттардың бетін ашып берді.

Слайд1Слайд2

2018 жылғы 3 қазанда облыстық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшелері  (АТТ) діни сауаттылықты арттыру, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша облыстық іс-шаралар Жоспарын орындау аясында РИИ студенттерімен кездесу өткізді.

Алғы сөз тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі департамент директоры Есжанова Айнат Умеркуловнаға берілді. Студенттер алдында облыстық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшесі, философия ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Тойматаев Даурен Болатович, сонымен қатар теолог – Нугуманов Асет Бауыржанович сөз сөйледі.

Кездесу барысында елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісім, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, аймақтағы діни ахуал, дәстүрлі діннің дәстүрлі емес діннен айырмашылығы, деструктивті діни ағымдардағы сана-сезімін бақылау және басқару әдістері қарастырылды.

  IMG_6763IMG_6778IMG_6780IMG_6787

Проведения 60-летнего юбилея Рудненского индустриального института

Call-центр
+7 (71431) 95723

Приемная комиссия

Наш номер: +7 (71431) 92 568
Моб. номер: 8 702 922 27 43
Наша почта: priemcom_rii@mail.ru