Қашықтықтан оқыту

Қашықтықтан оқыту

ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Рудный индустриялық институтының оқу үрдісінде қашықтықтан оқыту технологиялары (ҚОТ) 2002 жылдан бастап қолданылады.

Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы білім беру үдерісін ұйымдастырушылық, әдістемелік, ақпараттық және техникалық қамтамасыз етуді «Қашықтықтан оқыту технологиялары орталығы және ЖАОК » мамандандырылған құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.

ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Қашықтықтан оқыту білім алушылар мен оқытушылардың жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Білім беру үдерісінде: желілік және кейстік технологиялар қолданылады.  2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап РИИ онлайн алаңы http://mooc.rii.kz іске қосылды.

ҚОТ ҚОЛДАНУМЕН РИИ-ДА КІМ ОҚИ АЛАДЫ?

Рудный индустриялық институтында қашықтықтан оқыту технологиялары білім алушыларға қатысты қолданылады.:

  • техникалық және кәсіптік, орта және жоғары білім негізінде қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша;
  • физикалық мүмкіндіктері шектеулі;
  • мерзімді әскери қызметке шақырылғандар;
  • ұзақ шетелдік іссапарда жүргендер;
  • сотталғандарға және мекемеде тиісті техникалық жағдайлар болған кезде колония-қоныстарда (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде) жазасын өтеп жүргендерге.

Рудный индустриялық институтында қашықтықтан білім беру технологиялары шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру кезінде де қолданылады.

ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҮШІН НЕГІЗДЕР:

  • Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III білім туралы Заңы;
  • Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары;
  • Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережесі.

Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, оқуға рұқсат алу үшін тілек білдірушілер еркін түрде институт ректорының атына оқудағы ҚОТ пайдалану мүмкіндігі туралы дәлелді негіздемемен өтініш жазады (электрондық пошта және SKYPE мекен-жайы көрсетіледі).

ҚОТ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ОҚЫТУ ЖҮРГІЗІЛЕТІН МАМАНДЫҚТАР:

5В070200  Автоматтандыру және басқару
5В070300  Ақпараттық жүйелер
5В070700  Тау-кен ісі
5В070900  Металлургия
5В071300  Көлік, көліктік техникалар және технологиялар
5В071700  Жылуэнергетика
5В071800  Электроэнергетика
5В072400  Технологиялық машиналар және құралдар (салалар бойынша)
5В072600  Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы жәнеқұрастырылуы
5В072900  Құрылыс
5В073000  Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру
5В073100  Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
5В073700  Пайдалы қазбаларды байыту
5В050600  Экономика
5В050700  Менеджмент

РИИ студенттеріне portal.rii.kz сайтымен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

Рудный индустриялық институтына түсу кезінде қабылдау комиссиясы талапкерлерді институт порталында тіркеуді жүзеге асырады http://portal.rii.kz/.

Рудный индустриалдық институтының порталына кіру үшін әрбір студентке жеке логин мен пароль беріледі.

Сәтті кіргеннен кейін студент келесі ақпаратты алады:

Сынақ кітабы – студенттің сессия нәтижелерін қарастыратын бөлімі; Аттестаттау нәтижелері – студенттің аттестаттау нәтижелерімен танысуына арналған бөлім;

Жеке жоспар – осы студентке қатысты барлық семестрлерге тағайындалған пәндердің тізімі;

Элективті пәндерге тіркелу – бөлімде студент таңдауға құқылы элективті пәндер орналасады;

Орындалған жұмыстарды жіберу – оқытушылармен танысу үшін студенттермен оқу файлдарын жүктеу;

Оқу құралдары кітапханасы – бұл бөлімде студентке ПОӘК базасы бар, онда студент өз мамандығы мен қажетті пәндерді таңдап, барлық қажетті оқу материалдарын көшіріп алады;

Анықтамалық ақпарат –бағалау жүйесі туралы ақпаратты қамтитын бөлім..

«Оқу құралдарының кітапханасы»


А. А. Мукумов құрастырды 8 (714-33) — 3-39-63

РИИ сайтында онлайн режимінде қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқуға арналған нұсқаулық

Білім алушыларға электрондық мекен-жайлар бойынша РИИ онлайн алаңында таратылады

Электрондық кітапханаға кіру нұсқаулығы

Электрондық оқулықты жүктеп алыңыз (Таңдалған оқулыққа басқаннан кейін сақтау түймесін басыңыз!)

Архивті тарқату (Тінтуірдің оң жақ түймешігін басыңыз-файлдарды шығару)

Оқу құралын «index.html» немесе «START» басу арқылы ашыңыз.

Қашықтықтан оқыту технологиялары орталығы және жаппай ашық онлайн курстар «РИИ Онлайн алаңы» «Office 365»

Call-центр
+7 (71431) 95723

Приемная комиссия

Наш номер: +7 (71431) 92 568
Моб. номер: 8 702 922 27 43
Наша почта: priemcom_rii@mail.ru