Қосымша білім беру

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ

Мамандарды Рудный индустриялдық институтында даярлаудың негізгі ерекшелігі әрбір студентке жеке профильін курс пен оқыту қарқынын, сонымен қатар қосымша кәсіби білім курстарының жиынтығын таңдау жолымен қалыптастыру мүмкіндігін ұсыну болып табылады.

Студенттердің курстық даярлығы институттың келесі білім беру бағдарламалары шеңберінде өткізіледі:

БІЛІКТІЛІКТЕР

ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ
КӘСІПТІК ОҚЫТУ

Берілетін біліктіліктер:

Кәсіптің жалпы сипаттамасы

Электр станцияларының электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі беделді жұмысшы кәсіптердің бірі. Электр станцияларында жүргізілетін жөндеу, монтаждау-бөлшектеу, жөндеу және басқа да жұмыс түрлерін орындайды.

Маманның жеке ерекшеліктеріне қойылатын талаптар

Мамандық тірек-қимыл аппаратына, есту және көру қабілетіне жоғары талаптар қояды. Назар, есте сақтау, табандылық, шыдамдылық, эмоционалдық тұрақтылық, кеңістіктік қиял, ұқыптылық жақсы дамуы тиіс.

Медициналық қарсы көрсетілімдер

Жұмыс сүйек-бұлшықет және жүрек-қантамыр жүйесі, тыныс алу органдары, бүйрек және несеп шығару жолдары, тірек-қимыл аппараты (қозғалуды қиындататын), жүйке жүйесі, жүйке-психикалық аурулары, көру және есту қабілетінің төмен көрсеткіштері бар адамдарға ұсынылмайды.

Кәсіби дайындыққа қойылатын талаптар

Білуге тиіс: Электротехника, автоматика және телемеханика негіздері, Слесарлық және электр Монтаждау ісі. Аппаратураның, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, мақсаты, жұмыс істеу принциптері. Жабдықтың ақаулықтарының себептері мен белгілері, жөндеу және ақаулықтарды жою тәсілдері. Қауіпсіздіктің негізгі талаптары.

Ұқсас мамандықтар

кезекші және жабдықтарды жөндеу жөніндегі электрослесарь (слесарь).

Кәсіптің жалпы сипаттамасы

Күрделі жабдықтарды құрастыру жөніндегі маман

Лауазымдық міндеттерi

Монтаждаушы жабдық пен бөлшектерді орнату орындарын аралайды, содан кейін жабдықтың бөлшектері мен арматурасын, оның астына рамаларды орнатады, конструкцияларда, кронштейндерде, қабырғаларда кабельдерді салады және нығайтады. Трасса тарады және төселетін кабельдердің ұзындығын өлшейді, таратқыш шкафтарын, ауыстырып қосқыштарды, бөлгіш сүзгілерді және басқа да құрылғыларды жинайды және орнатады, концентрлік фидерлер мен толқын өткізгіштерді монтирлейді, жоғары жиілікті жерге тұйықтау мыс таспаларын салады.

Жұмыс уақытының көп бөлігін құрама кабельдерді, кабельді блоктар мен маңдайшаларды төсеу, күштік, бақылау және көп желілі кабельдерді қосу және аяқтау, сигналдық және жоғары жиілікті кабельдерді бөлу және қосу алады. Электр монтаждаушы сондай-ақ кабельді монтаждауды тексереді, жабдықты электрлік тексеру кезінде анықталған монтаждық ақауларды жояды.

Мамандықтың жалпы сипаттамасы

Жөндеу жұмыстарын жүргізеді, белгілейді, электр байланысына техникалық қызмет көрсету мен сымдық хабар тарату және монтаждау жұмыстарын жүргізеді.  (телефон станциялары, телеграф және т. б.).Қарапайым слесарлық жұмыстарды, электрлік өлшеулерді орындайды. Электр қауіпсіздік және өртке қарсы талаптарды сақтайды.

Маманның жеке ерекшелігіне қойылған талаптар

Техникалық жүйені білу, жақсы есту және көру, тапқырлық, шыдамдылық, зейінділік, жинақылық, дәл үйлестіру, ұқыптылық болу керек

Медициналық қарсы көрсетімдер

Жұмыс жүрек-қан тамырлары жүйесі (гипертония, жүрек функциясының жеткіліксіздігі және т. б.); тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуы; жүйке жүйесі (талу, миелит және т. б.); көру органдары (көру жүйесінің төмендеуі), сүйек-бұлшық ет жүйесінің бұзылуы, қозғалыстар үйлестіру жүйесінің бұзылуы аурулары бар адамдарға жасауға болмайды.

Кәсіби дайындықтарына қойылатын талаптар

Электроника және электротехника негіздерін; жабдықтың монтаждалатын электр схемаларын; сымдардың орындалған фазалары және сызбаларды тексеру тәсілдерін; баптау және құрылғыларды басқару, дабыл беру және автоматиканы тексеру тәсілдерін; электрлік және монтаждау сұлбаларын «оқу»; әр түрлі тартылымдарды белгілеу және өткізу, жарықтандыру тораптарын монтаждауды білу; арнайы құрал-саймандарды пайдалана алу;  монтаждалған жабдықтарын тексеруді және баптауды жүргізе білу керек.

Ұқсас мамандықтар

Радиоаппаратура мен аспаптардың монтаждаушысы, бағдарламалық басқарылатын станоктар мен манипуляторлардың баптаушысы.

ЖЫЛУЭНЕРГЕТИКА

Берілетін біліктілік:

Мамандықтың жалпы сипаттамасы

Қазандық қондырғын орнатуға қызмет көрсетеді: қосуға және тоқтатуға дайындайды, берілген технологиялық режимін қадағалайды, оның жұмысын бақылау-өлшеуіш құралдарының көмегімен бақылайды, автоматика құралдарының, дабыл жүйелерінің, қорғанысты, блоктауға, профилактикалық тексеру жүргізеді, ақау себебін анықтайды және оны жояды.

Маманның жеке ерекшелігіне қойылған талаптар

Көзінің жақсы көруі, көрген кезде түстерді ажырата білуі, құлағының жақсы естуі, есте сақтау қабілетінің жақсы болуы, физикалық шыдамдылық, ұжымда жұмыс істей білу.

Медициналық қарсы көрсетімдер

Суық тиюден болатын ауруларға бейімділік, көру және есту ақаулар, жұмыста вестибулярлық аппаратыңың бұзылуы.

Кәсіби дайындықтарына қойылатын талаптар

Электротехника, химия, физика, технологиялық үрдістің бақылау-өлшеу құралдарының типтері мен әр түрлі түрлері жайында білім қажет.Бақылау-өлшеуіш құралдарын орналастыру, жұмыс қағидаттарын және құрылымын білуге тиіс.

Ұқсас мамандықтар

Технологиялық қондырғылардың операторы, технологиялық қондырғылар машинисі, слесарь-жөндеуші.

ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫН, БҰЙЫМДАРЫН ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚҰРЫЛЫМДАРЫН ӨНДІРУ

Берілетін біліктіліктер:

Мамандықтың жалпы сипаттамасы

Ғимараттар мен имараттарды тұрғызу уақытында монолитті және құрама құрылымдарын бетондау бойынша жұмыстарды жүргізеді. Қабырғалық панельдерін, тақталарды, балкон жабындарын, баспалдақ белдеулерін және т.б. жасайды Мамандық 1-5 дәреже бойынша бөлінеді..

1-2 дәрежелі жұмысшылар бетон қоспасын жасауда және оны құрылымдарға салу, қол құрал-саймандардың көмегімен бетонды және темір бетонды құрылымдарды бөлшектеу уақытында көмекші және қарапайым жұмыс жасайды.

4-5 дәрежелі жұмысшылар күрделі құрылымдарын бетондайды, күмбездердің, тоғыспалардың, АЭС сұйық қоймалардың, бункерлердің және т.б.  жұқа қабырғалы құрылымдарына бетон қоспасын құяды.

Ең жауапты операциялар: .бетонды төсеу және тығыдау, бетонтөсегіштердің көмегімен механикаландырған тәсілмен жүргііледі. Бұл көбіне ер адамдардың мамандығы. Физикалық жүктемелермен сипатталады. Міндетті сақтандырумен биіктікте жұмыс болуы мүмкін.

Маманның жеке ерекшеліктеріне қойылатын талаптар

. Жақсы физикалық дайындық және шыдамдылық, тепе-теңдіктің жақсы сезімі және биіктікті қорқыныштың болмауы (биіктікте жұмыс жасау үшін), жақсы есту қабілеті, түстерді жақсы ажырата білуі,   көзбен нақты өлшеу, жақсы кеңістік қиял,назарды топтау және бөлу.

Медициналық қарсы көрсетімдер

Жұмыс тыныс алу органдардың, бүйрек және несеп шығару жолдарының (жиі асқынулармен) созылмалы аурулары бар, тірек-қоғалыс аппаратының патолоиясы мен деформаиясы бар, жүрек-тамыр және анық көрінгенжүйке жүйесінің патолоиясы бар, көз көру және есту сезімталдығытөмендеген адамдарға жұмыс жасауға болмайды.

Ұқсас мамандықтар

Арматурашы, қалаушы, болат және темірбетон құрылымдарлың жинақтаушысы, балташы-бетоншы, сылақшы.

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МАШИНАЛАР МЕН ЖАБДЫҚТАР.
ТАУ-КЕН ІСІ

Берілетін біліктіліктер:

Мамандықтың жалпы сипаттамасы

Экскаватор машинисті — бұл күрделі машинаны басқаратын адам. Бұл мамандық адамнан көп физикалық күштерді, жинақты болу, көп теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды талап етеді.

Қызметтік міндеттер

 Экскаваторшыға оқу уақытында қандай дағдыларды алу керек.

Оқу үрдісінде экскаватор машинистері әр түрлі жұмыстарды орындау уақытында қауіпсіздік шаралар бойынша, экскаватордың құрылымы ,қызмет көрсету және техникалық қызмет көрсету мен жөндеу бойынша білім алады, топырақты қазу тәсілдері және олардың сатылары және жер имараттарын салу мен тиеу-түсіру жұмыстарын орындаудың тәжірибелік дағдыларын алады.

Экскаватор машинисті курстары не береді, оқу қалай өтеді.

Курстар экскаватор машинисті мамандығын алуға немесе біліктілікті арттыруға мүмкіндік береді. Оқу екі саты бойынша өтеді.. Бірінші – оқытушы жетекшілігімен қазіргі заманғы техникалық оқыту құралдарын, тораптарын, техника құралдары мен механизмдердің  үлгілерінің пайдалануымен сыныпта теориялық оқыту.Сонымен қатар бірінші сатыда жұмыс жасау уақытында экскаваторды басқару дағдыларын жетілдіру үшін тренажер пайдаланылады. Екінші – тәжірибелік оқыту инструкторының жетекшілігімен техникада тәжірибелік оқыту.Курстар аяқталғанда және емтихан тапсырып болғанда экскаватор машинисті куәлігі беріледі. Куәлік 10 жыл бойы жарамды.Куәліктің мерзімі аяқталғанда жаңасын оқусыз және емтихан тапсырмай алады.

Берілген мамандықтың болашағы.

Экскаватор машинисті мамандығы жоғары төлемді және болашағы бар. Экскаваторларды қолдану аумағы алуан түрлі.Көп түрлі және әр түрлі жұмыс құралдары бар қазіргі экскаваторлар топырақты қазу жұмыстарын орындағанда,автомобиль және темір жолдарын,   суару және кеме жүрерлік анжарларын, бөгеттерді, қоршау жер дамбаларын, ғимараттар мен имараттардың астына шұңқырларды, байланыс тізбектері мен электр тарату желілерінің тіреуіштерін, жер астындағы коммуникацияларға, су бұрғыш кюветтерге таулы және  банкетті арналған оржолын және басқа да ғимараттарды салу уақытында алу мен үймелерді, резервтерді, кавальерлерді және  банкеттерді құрылғанда қолданылады.

Медициналық қарсы көрсетімдері

Бұл жұмыс жүрек-тамыр жүйесінің аурулармен, жүйке-психикалық аурулармен ауратын, көз көрудің анық көрінген ақаулар , қол треморы, аллергияға бейімділігі бар адамдарға жұмыс жасауға болмайды.

Мамандықтың жалпы сипаттамасы

Бұрғы қондырғылардағы машинист – бұл бұрғы қондырғысының күштік комплексін басқарумен және қызмет көрсетумен айналысатын білікті маман.Өзінің негізгі мамандықтан басқа ол басқа ұқсас мамандықтар бойынша  жұмыс жасай алады.Қазіргі жағдайларда бұрғы қондырғылардағы машинисттен түрлі аумақтарда әртүрлі білімдер, компьютерді білу талап етіледі. Бұрғы қондырғылардағы машинист жұмысы күрделі, бірақ өте қызық.

Маманның жеке ерекшеліктеріне қойылатын талаптар.

Бұрғы қондырғылардағы машинист ашық ауада, төмен температура жағдайларында жұмыс жасайды. Жұмыс бұрғылық бұрғытәждарды, қашауларды көтеріп апарумен, құбырларды шығарумен және т.б. байланысты үлкен физикалық жүктемелерді болжайды.

Медициналық қарсы көрсетімдер

Көз көру ,есту мүшелерінің аурулары, жүрек-тамыр жүйесінің аурулары, тірек-қозғалыс аппараты функцияларының  бұзылуы бар, тыныс алу органдарының аурулары бар, ас қорыту органдарының  аурулары, созылмалы тымаулар, бүйрек және несеп шығару жолдарының аурулары, есінен танумен байланысты жүйке-психикалық аурулармен ауратын адамдарға шектеу қойылады.

Кәсіби дайындыққа қойылатын талаптар

 Маман геология, гидрогеология,тау-кен жұмыстарының, электротехника, гидравлика,пневматика  негіздерін білуге тиіс.

Ұқсас мамандықтар

  • Бұрғы қондырғысының мотор жүргізуші адам

Үңгілеуші

МЕТАЛЛУРГИЯ

Берілетін біліктіліктер:

Мамандықтың жалпы сипаттамасы

  1. Түсті металлдардан және олардың қорытпаларынан әр түрлі тәсілдермен,жерге, нақты және қабыршықты құю тәсілімен бұйымдар мен бөлшектерді құяды.
  2. Берілген рецептура бойынша құю материалын дайындайды.
  3. Құюдың берілген тәртібіне машина механизмдерін күйіне келтіреді.
  4. Сынама үлгілерін дайындайды,өлшеу құралдары бойынша құю үрдісін және тәртібін бақылайды.
  5. Құю сапасын анықтайды.
  6. Құю машинасының жұмысында ақауларды жояды.

 Маманның жеке ерекшеліктеріне қойылатын талаптар

 Қызмет жасау үшін физикалық шыдамдылық, шебер, кеңістік қиял , көзбен нақты өлшеу,сызбаларды оқи білу, қозғалысты нақты үйлестіру, абайлық  қажет.

Медициналық қарсы көрсетімдер

  Тірек-қозғалыс аппаратының аурулары, көру, есту органдарының анық көрінген аурулары, гипертония аурудың және ОЖЖ аурулардың анық көрінген түрлері бар, жүрек-тамыр жүйесінің, тері аурулары, аллергиялық аурулар, қол саусақтарының деформациясы, созылмалы инфекциялық аурулары бар адамдарға бұл жұмыс жасауға болмайды.

Кәсіби дайындыққа қойылатын талаптар

Әр түрлі балқыту машиналардың құрылысы мен жұмыс жасау принциптерін, балқытудың технологиялық тәртіптерін, күрделі қыспақ түрлерін жинақтау және бөлшектеу,металлдары қорыту ережелері мен тәсілдерін, балқытудың негізгі түрлерін, шихта құрамының металлдың сапасы мен қасиеттеріне беретін әсері, бұйымдарға қойылатын техникалық талаптарын білуге тиіс.

Ұқсас мамандықтар

Пластмасс құюшы,  ферроқорытпа балқытушы

Мамандықтың жалпы сипаттамасы

Үстінде күрделігі  орташа өзектерімен  қыр  мен кертеші бар кіші және орташа өлшемді қарапайым құйындыларды топырақта немесе опокта үлгілер бойынша қолмен қалау.Кіші және орта өлшемді қарапайым түрлі құйындылар үшін қабықшалы жартылай пішіндерді қолмен қалау. Қарапайым қалыптарды қолдана отырып пішіндерді жасау.Тоназытқыштарды орнату.Пішіндердің қолжетімді жерлерде орнатылатын қарапайым өзекті кіші және орта пішіндерді жинақтау. Құрамды опоктарда күрделі құйындылар үшін пішінді толтыру және нығыздау, біліктілігі жооғары қолмен қалыптаудың қалаушысы жетекшілігімен іріқарапайым және орта мөлшерлі құйындылар үшін пішіндерді бұрамасұқпалау, бояу және бекіту. Қабыршақты жартылай пішінді күйдіру үшін пешке қою. Үлгі тақтасынан  қабыршақты  алу.

Маманның жеке ерекшеліктеріне қойылатын талаптар

Қарапайым түрлерді жасау тәсілдерін, қабыршақты жартылай пішіңдерін дайындау жүйелілігін, қабыршақты пішіндер мен өзектерін даярлағанда қолданылатын эмульсия мен қоспалардың қасиеттерін, құюшы мен шығыстарды ұсыну, пішіндеу қоспаларын даярлау тәсілдерін, үлгі тақталарын қыздыру және қабыршақтарды күйдіру температурасын, қоректендіргіш қималарының, қож салғыш пен тірек бағандардың арасындағы ара қатынасты,қорықтандырғыштарды орналастыру орындарын анықтау тәртібін және олардағы ұсақ ақауларды жоя білу, қалау уақытында қолданылатын арнайы құралды қолдану жағдайы мен қолданысын, қалып пен өзектерді кептіру сапасын анықтау тәсілдерін, үлгілерді сақтау ережелерін, көтергіш механизмдерді басқару ережелерін, құю және  суыту уақытында қалыптарда өтетін үрдістерді, сапасыз қалыптаудан құйындылардың ақау болудың негізгі себептері мен түрлері және оны болдырмау шараларын, қабыршақты қалыптарды даярлау үрдісін, пішіндерге құйылатын металлдардың негізгі құймалы қасиеттерін білуге тиіс.

Медициналық қарсы көрсетімдер

Тірек-қозғалыс аппаратының аурулары, көру, есту органдарының анық көрінген аурулары, гипертония аурудың және ОЖЖ аурулардың анық көрінген түрлері бар, жүрек-тамыр жүйесінің, тері аурулары, аллергиялық аурулар, қол саусақтарының деформациясы, созылмалы инфекциялық аурулары бар адамдарға бұл жұмыс жасауға болмайды

АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ

Берілетін біліктіліктер:

Мамандықтың жалпы сипаттамасы

Өндірістің әр түрлі салаларында жұмыс істей алады, өйткені әртүрлі механизмдер мен машиналар уақытында жөндеу мен реттеуді талап етеді.  Жөндеу алдында слесарь-жөндеуші құжатта көрсетілген машина сызбалары мен оның техникалық сипаттамаларымен танысады.Ақауларды тауып, оларды жояды. Слесарь-жөндеуші жөнделген жабдықтарды жөндеп, сынап қана коймай, оны жұмысқа толықтай дайындап қою керек.

Маманның жеке ерекшеліктеріне қойылатын талаптар

Слесарь-жөдеушіде физикалық күш пен шыдамдылық, жақсы бұлшық және есту сезімталдығы, көз көруі жақсы болу керек. Оған қол саусақтарының ептілігі және қозғалыс дәлдігі, көзбен нақты өлшей білуі (сызықты және көлемді), дамыған кеңістік қиялы, жақсы есте сақтау қабілеті, техникалық аңғарымпаздық  қажет.

Медициналық қарсы көрсетімдер

Бұл мамандықта тірек-қозғалыс аппараты, тыныс алу органдарының (бронхиалды астма), жүрек- тамыр жүйесінің, аллергиялық ауруларға жақын аурулармен,анық көрінген көз көру деффекттері бар және психикалық  аурулармен ауратын адамдарға жұмыс жасауға болмайды.

Кәсіби дайындыққа қойылатын талаптар

Қауіпсіздік техникасының ережелерін, жөндейтін жабдықтардың, күштік құрылғылардың, агрегаттардың және машиналардың  құрылысы мен жұмыс жасау принциптерін; өнделетін материалдардың, тоттануға қарсы майлардың қасиеттерін; жоспарлы-ескертетін жөндеу технологиясын, ескірген бөлшектерді қалпына келтіру тәсілдерін;жөндеуден кейін тораптарды, механизмдерді және жабдықтарды  реттеуге , қабылдауға және сынауға арналған техникалық жағдайларды; дәлдік класстары мен шақтама мен қондырмалар ; арнайы құрылғыларды және бақылау-өлшеу құралдардың құрылысын және   қолдану тәсілдерін білуге тиіс.

Ұқсас мамандықтар

Әр түрлі слесарлық және станокты мамандықтар.

Мамандықтың жалпы сипаттамасы

Әр түрлі электрлік, механикалық аппаратура мен модификациялар ақауларын табады және жояды. Бөлшектерді дәнекерлейді, келтіреді, тораптар мен механизмдерді теңгереді және реттейді. Нысанның күрделігі мен түрлеріне, ақаулардың сипаттамасына байланысты жөндеу жұмыстары шеберханада немесе сынған аппарат тұрған жерде жүргізіледі.

Маманның жеке ерекшеліктеріне қойылатын талаптар

Жоғары сезімталдық және қол ептілігі, көзбен сызықты және көлемді жақсы өлшей білу, техникалық ойлау, кеңістік қиял, зейінді бөліп тарату, техникалық тапқырлық, мақсаткерлік , батылдық, өзара сындық болу керек.

Медициналық қарсы көрсетімдер

Жүрек-қан тамыр жүйесі, жүйке-психикалық аурулары бар, көзінің көрмеуі, қолдың дірілі, аллергияға бейімділік аурулармен ауратын адамдарға жұмыс жасауға болмайды.

Кәсіби дайындыққа қойылатын талаптар

Физика, химия, математика бойынша дайындық. тағайындау,  әрекет ету принциптерін және жеке блоктағы өзара іс-қимылын, тораптарын, әр түрлі типті аппаратуралардың элементтерін, негізгі ақаулар және оларды жою тәсілдерін; слесарлық және  механикалық өңдеуді білуге тиіс.

Ұқсас мамандықтар

Радиоэлектронды аппаратуралар мен аспаптарды бақылаушы, монтажшы, радио және телеаппаратура жөндеу бойынша шебер,  монтаждаушы-вакуумшы, радиооператор, радиоэлектрондық аппаратураны реттеуші, радиоаппаратураны слесарь-құрастырушы, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика слесары, электрондық-есептеуіш машиналарды жөндеу бойынша электр механигі.

ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ БАЙЫТУ

Берілетін біліктілік:

Мамандықтың жалпы сипаттамасы

Конвейерлерді, элеваторларды, иірліктерді, қоректердіргіштерді, жүк салғыш арбаларды, конвейердің жетектік станциясын басқару.

Реверсиялау және конвейерлердің қозғалысының ауысуы, олардың жүктеу деңгейін реттеу. Керме құрылғыларының және таспа жүруін реттеу. Тиеу ағындардың жарамдылық жай-күйін, керме барабандар, қоректендіргіштердің редукторлары, конвейерде белгіленген, автоматты құрылғылардың, қабылданған агрегаттағы материалдардың дұрыс түсірілуін бақылау.Конвейерлерді арттыруға және тасымалдауға, таспалар мен шынжырларды біріктіруге қатысу.Өздігінен жүретін конвейердің жұмысын экскаватордың жұмысымен үйлестіру. Роликтер мен жетектерді майлау, таспаны, роликтерді, роликоопор мен ағындарды тазалау.Істен шыққан роликтерді ауыстыру.Конвейер таспаынан бөгде заттарды алу, шашылған кен массасын жинау.Науаларда кетелулерді жою. Қызмет көрсету жабдықты тазарту, оның жұмысындағы ақауларды табу және жою. Май станцияларында ағынды орларды шаю.

Маманның жеке ерекшеліктеріне қойылатын талаптар

Қызмет көрсететін жабдықтың, жүргізу және бақылау – өлшеу апаратурасының құрылымы мен қолданысын, оларды күту ережелерін; қызмет көрсететін жабдықтың әр түрі үшін жіберілетін жылдамдықтар мен жүктемелерін, оның жұмысында ақауларды табу тәсілдері мен оларды жою тәртібін; тасымалданатын материалдың сипаттамасын және оны сұрыптар бойынша бөлуге; конвейерлердің, қоректендіргіштердің, тарту құралдарының және жылдамдықтардың өзгертулердің  орналасу сұлбасын; таспа қозғалысының жылдамдығын және конвейерлердің қозғалысын реттеу тәсілдерін білуге тиіс.

Медициналық қарсы көрсетімдер

Тыныс алу органдарының ( бронхиалды астма және т.б.), жүрек – қан тамырларының (гипертония, жүрек порок, жүрек тапшылығы жіне т.б.), тірек-қозғалыс аппаратының, әсіресе қол қозғалысын шектететін (созылмалы ревматизм және т.б.) ; жүйке жүйесінің (невроздар, ісіктер және т.б.); көз көру органдарының (катаракта, шапыраш және т.б.)аурулары бар адамдарға бұл жұмысты жасауға болмайды.

Мамандықтың жалпы сипаттамасы

Шикізатты, материалдарды, шала фабрикаттарды ірі, орташа және ұсақ ұсақтау түрлі үрдісті  құрғақ және сулы тәсілдерімен ұсақтағыштарда, ұсақтау агрегаттарда, әр түрлі жүйелердің ұсақтау-сұрыптау қондырғыларда, дезинтеграторларда, копраларда, сұрыптаулы қажағыштарда (себумен), қолды және механикалық електерде, дірілдерде, кептірумен, кесумен, шабумен (немесе олсыз) жүргізу. Қызмет көрсетілетін жабдықтың техникалық жағдайын және оның май шаруашылығын бақылау, жабдықты тексеру және тазарту.. Белгілерді қабылдау және беру.Ұсақтағыштарды қоректендіретін конвейерлерді, қоректендіргіштерді, ұсатқыштарды қосу және тоқтату. Шикізат пен материалдардың ұсатқыштарға, дірілдерге, елеуіштерге, қоректендіргіштерге, конвейерлерге және т.б. бірқалыпты түсуін және үйлестіруін бақылайды. Суаруға су берілісін, бірқалыпты толтыру және жылдамдықты ,өнімділікті шикізаттің, материалдардың түрлеріне және олардың ірілігіне байланысты ұсатқыштардың жұмыс механизмдер арасындағы қуыстарды реттеу. Шикізат пен материалдарды сыртқы белгілері мен елеуіш талдаулары және иірліктің бірқалыпты ылғалдылығы бойынша ұсақтау сапасын бақылау,  Ұсақтағыш жұмысын қашықтықтан басқару.Габаритті еместерді, бөгде заттарды, сапасыз шикізат пен материалдарды ұсақтағыштардан  шығару және көтеру уақытында көтеру-тасымалдау жабдығын басқару.Ұсақтау үрдісінің аяқталуын анықтау, ұсақталған материалды сұрыптарға байланысты бункерлерге үйлестіру. Гидрошаңсыздату жүйелерін қосу және сөндіру, шаң жинағыштардың жұмысын тексеру.Ұсақталған шикізатты және материалдарды қайта ұсақтауға, келесі қайта өндеуге немесе сақтауға беру.Белгілерді бақылау, іштен жану қозғалтқыштармен жұмыс жасау уақытында машиналарды толтырып құю. Ұсақтау, сынамаларды жеткізу және бөлшектеу.Сынамаларға биркаларды, бауларды және қапшықтарды дайындау.Сынамаларды өлшеу, араластыру, қысқарту. Сапасы төмен сынамаларды қалдықтарға жою. Сынамаларды бөлектеп тастау, биркаларды жапсыру, орау. Қызмет көрсету аумағында қоқысты жинау. Қызмет көрсету жабдығының жұмысында ақауларды табу және жою, оның жөндеу жұмысына қатысу. Көтеру жұмыстарын орындау.

Маманның жеке ерекшеліктеріне қойылатын талаптар

 Ұсатқыштардың, ұсақтау агрегаттардың, ұсақтау-сұрыптау құрылғылардың, дезинтегрторлардың, копрларды, дірілдердің, көліктік және аспирациялық құрылғыларының, көмекші жабдықтардың (кептіргіштердің, элеваторлардың және т.б.) пайдалану ережелері мен жұмыс жасау принциптерін, құрылымдарын; ұсақтау құрылғыларына шикізатты беру сұлбасын; қызмет көрсетілетін бөлімнің технологиялық сұлбасын; қызмет көрсетілетін жабдығын жөндеудің, реттеудің ережелері мен тәсілдерін; ұсақтау, себу тәртіптерін; өлшеу құралдарының жұмыс принциптерін және қолданысын;  иілікті құрастыру ережелерін және қоспалардың рецептурасын (номенклатурасын); материалдарды,  шала фабрикаттарды ұсақтау дәрежесіне және сапасына қойылатын талаптарды; дайын өнімнің шығу мөлшерлерін, қалдықтарын, жіберілетін шығындарды; қасиеттері, түрлері, қолданысы және ерекше белгілері бойынша ұсатылатын шикізаттың, материалдар мен полуфабрикатов жіктемелерін және ұсатылатын шикізаттың сапасына қоспалар мен ластануының әсерін білуге тиіс.

Медициналық қарсы көрсетімдер

Тыныс алу органдарының ( бронхиалды астма және т.б.), жүрек – қан тамырларының (гипертония, жүрек порок, жүрек тапшылығы жіне т.б.), тірек-қозғалыс аппаратының, әсіресе қол қозғалысын шектететін (созылмалы ревматизм және т.б.) ; жүйке жүйесінің (невроздар, ісіктер және т.б.); көз көру органдарының (катаракта, косоглазие және т.б.)  аурулары бар адамдарға бұл жұмыс ұсынылмайды.

Мамандықтың жалпы сипаттамасы

Электр магнитті, электростатикалық, винтті, полиградиентті айырғыштардаарда, гидроайырғыштар негізінде айыру үрдісін жүргізу.Қызмет көрсетілетін айырғыштардың, жуғыштардың, гидроараластырғыштардың жұмысын қадағалау. Қалдықтарда кеннің жоғалуы мен концентратына, кен сапасына байланысты ток күші мен магнит өрісін реттеу. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды қосу және тоқтату. Байыту өнімдерінің шығуын, кен мен судың берілуін реттеу. Айырғыштарға материалдарды біркелкі үйлестіру және берілуді реттеу. Өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау. Гидроайыру уақытында қойыртпақ сілтілігін анықтау. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.

Маманның жеке ерекшеліктеріне қойылатын талаптар

.Қызмет көрсетілетін айырғыштардың, жуғыштардың, гидроараластырғыштардың және басқа да жабдықтардың жұмыс жасау принциптері мен құрылымын; айыру үрдісі негіздерін; байыту үлдісінің технологиясы мен тәртібін; алынатын байыту өнімдерінің магнитті қасиеттерін; қабылдауыш реле сәулелер ағымын баптау ережелерін; пайдалы қазба ларының классификациясын; электротехника негіздерін, электрослесарлық ісін; қызмет көрсетілетін техникалық пайдалану ережелерін; өндіріс журналын толтыру тәртібін;бірге болатын жыныстар мен минералдардың және байытылатын шикізаттың қасиеттерін; ауыр жүзгіндердің регенерациясын және дайындау технологиясын; алынатын байыту өнімдерінің сақтау тәртібін; технологиялық судың температурасына байланысты майлардың құрамын және олардың өзгеруін білуі тиіс.

Медициналық қарсы көрсетімдер

Тыныс алу органдарының ( бронхиалды астма және т.б.), жүрек – қан тамырларының (гипертония, жүрек порок, жүрек тапшылығы жіне т.б.), тірек-қозғалыс аппаратының, әсіресе қол қозғалысын шектететін (созылмалы ревматизм және т.б.) ; жүйке жүйесінің (невроздар, ісіктер және т.б.); көз көру органдарының (катаракта, шапыраш және т.б.)  аурулары бар адамдарға бұл жұмысты жасауға болмайды

Мамандықтың жалпы сипаттамасы

Сұлбаларда екі сатыға дейін, ірілігі бойынша жіктеудің екі классқа дейін және байытудың ылғал және құрғақ сатысы бар сұлбаларында ұсақтау-сұрыптау және байыту фабрикаларында өндіру , қайта өндеу, қоймалау уақытында , шикізатты,  шала фабрикаттарды және байытудың дайын өнідерін сақтау және тиеу уақытында белгіленген технологиясының орындалуын бақылау.

Бақылау уақытында электрофизикалық құралдарын қолдануымен бастапқы шикізатты сапасы бойынша  қабылдау.Сынамаларды  іріктеп алу,бөлу, қаптау,таңбалау , жеткізу, сақтау.Елеуішті және басқа талдаулар мен механикалық сынақтарды өткізу.Өнім сапаының әрекеттегі техникалық жағдайлар мен стандарттарға сәйкестігін тексеру.Өлшеу аппаратурасының жұмысы мен жағдайын бақылау.Түсірілетін өнімнің аттестациясы.  Партияның куәліктерін жазып беру. Класстар мен сортамент бойынша өнім мен шикізатты сынау бойынша журналды жүргізу.Белгіленген техникалық талаптарға жауап бермейтін шикізатқа акттерді толтыру.Алынатын немесе түсірілетін пайдалы қазбаны есепке алу.

 Маманның жеке ерекшеліктеріне қойылатын талаптар

Комплексті сынамалау құрылғыларының, сынама бөлшектеу жабдықтың, өлшеу құралдарының және сапасын сынау және бақылауда қолданылатын басқа аппаратураның жұмыс жасау принциптері мен құрылғыларын,олармен пайдалану ережелерін; шикізатты қайта өндеу технологиялық сұлбаларын;  түсетін шикізатқа және дайын өнімге стандарттарды және әрекеттегі техникалық жағдайларды ; байыту өнімнің сапасын бақылау тәсілдері; алу, қайта өндеу, қоймалау уақытында ақау түрлерін; сынамаларды сынақтау, бөлу, іріктеу тәсілдерін, өнімнің аттестациялау ережелерін; шикізатты дайындау, таңбалау, түсіру ережелерін білу тиіс.

Сұлбаларда екі сатыдан артық, ірілігі бойынша жіктеудің екі класстан артық және байытудың ылғал және құрғақ сатысы бар сұлбаларында бар ұсақтау-сұрыптау және байыту фабрикаларында өндіру , қайта өндеу, қоймалау уақытында , шикізатты,  шала фабрикаттарды және байытудың дайын өнідерін сақтау және тиеу уақытында белгіленген технологиясының орындалуын бақылау уақытында 3 дәреже беріледі..

Медициналық қарсы көрсетімдер

Тыныс алу органдарының ( бронхиалды астма және т.б.), жүрек – қан тамырларының (гипертония, жүрек кемістігі, жүрек тапшылығы жіне т.б.), тірек-қозғалыс аппаратының, әсіресе қол қозғалысын шектететін (созылмалы ревматизм және т.б.) ; жүйке жүйесінің (невроздар, ісіктер және т.б.); көз көру органдарының (катаракта, шапыраш және т.б.)  аурулары бар адамдарға бұл жұмысты жасауға болмайды

Мамандықтың жалпы сипаттамасы

 Әктасты, гипс тасын, көмірді, борды, кіптірілген балшықты, әктасты-құмды массасын және басқа материалдарды шахталық, аэробильді, дөңгелек және басқа диірмендерде  тарттыру. Материалдардың біркелкі түсуін реттеу.  Материалдарды ұсақтаудың технологиялық тәртібін сақтау. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау. Қажетті температураны және газдардың қозғалыс жылдамдығын ұстап тұру . Ұсақтау сапасын анықтау және өнімнің шығарылымын есепке алу. Механизмдерді майлау, ұсақ ақауларды жою және жабдық жөндеуінде қатысу.

Маманның жеке ерекшеліктеріне қойылатын талаптар

Қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымын; материалдарды тарту сапасына қойылатын талаптарын; тартылатын материалдарды ауыстыру және тиеу тәртібін білуге тиіс.

Медициналық қарсы көрсетімдер

Тыныс алу органдарының ( бронхиалды астма және т.б.), жүрек – қан тамырларының (гипертония, жүрек порок, жүрек тапшылығы жіне т.б.), тірек-қозғалыс аппаратының, әсіресе қол қозғалысын шектететін (созылмалы ревматизм және т.б.) ; жүйке жүйесінің (невроздар, ісіктер және т.б.); көз көру органдарының (катаракта, шапыраш және т.б.)  аурулары бар адамдарға бұл жұмысты жасауға болмайды.

КӨЛІК, КӨЛІКТІК ТЕХНИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Берілетін біліктіліктер:

Мамандықтың жалпы сипаттамасы

 Өндірістің түрлі салаларда жұмыс істе алады, өйткені әртүрлі механизмдер мен машиналар жөндеуді немесе реттеуді талап етеді. Жөндеу алдында слесарь-жөндеуші құжатта көрсетілген машина сызбалары мен оның техникалық сипаттамаларымен танысады. Ақауларды тауып, оларды жояды. Слесарь-жөндеуші жөнделген жабдықты дұрыстап және сынап қана қоймай, оны жұмысқа толықтай дайындап қою керек.

Маманның жеке ерекшеліктеріне қойылатын талаптар

Слесарь-жөдеушіде физикалық күш пен шыдамдылық, жақсы бұлшық және есту сезімталдығы, көз көруі жақсы болу керек. Оған қол саусақтарының ептілігі және қозғалыс дәлдігі, көзбен нақты өлшей білуі (сызықты және көлемді), дамыған кеңістік қиялы, жақсы есте сақтау қабілеті, техникалық аңғарымпаздық  қажет.

Медициналық көрсетімдер

Жүрек-қан тамыр жүйесі, жүйке-психикалық аурулары бар, көзінің көрмеуі, қолдың дірілі, тірек-қозғалыс аппаратының, тыныс алу органдарының (бронхиалды астма), аллергияға бейімділік аурулармен ауратын адамдарға жұмыс жасауға болмайды.

Кәсіби дайындыққа қойылатын талаптар

Қауіпсіздік техникасының ережелерін; жөнделетін жабдықтың, машиналардың, агрегаттардың,күштік құрылғылардың жұмыс жасау принциптерін және құрылымын ; өнделетін материалдардың, таттануға қарсы жақпалар мен майлардың қасиеттерін; жоспарлы- ескерту жөндеудің технологиясын; тозған бөлшектерді қалпына келтіру тәсілдерін; жөндеуден кейін тораптарды, механизмдерді және жабдықтарды  қабылдау және реттеуге, сынауға арналған техникалық жағдайларды ; шақтамаларды, қондыруларды және дәлдік класстарын ; арнайы құрылғыларының және бақылау-өлшеу құралдарының құрылымын және қолдану тәсілдерін білуге тиіс.

Ұқсас мамандықтар

Әртүрлі слесарлық және станокты мамандықтар.

Мамандықтың жалпы сипаттамасы

Өндірістің түрлі салаларда жұмыс істе алады, өйткені әртүрлі механизмдер мен машиналар жөндеуді немесе реттеуді талап етеді. Жөндеу алдында слесарь-жөндеуші құжатта көрсетілген машина сызбалары мен оның техникалық сипаттамаларымен танысады. Ақауларды тауып, оларды жояды. Слесарь-жөндеуші жөнделген жабдықты дұрыстап және сынап қана қоймай, оны жұмысқа толықтай дайындап қою керек.

Маманның жеке ерекшеліктеріне қойылатын талаптар

Слесарь-жөдеушіде физикалық күш пен шыдамдылық, жақсы бұлшық және есту сезімталдығы, көз көруі жақсы болу керек. Оған қол саусақтарының ептілігі және қозғалыс дәлдігі, көзбен нақты өлшей білуі (сызықты және көлемді), дамыған кеңістік қиялы, жақсы есте сақтау қабілеті, техникалық аңғарымпаздық  қажет.

Медициналық қарсы көрсетімдер

Жүрек-қан тамыр жүйесі, жүйке-психикалық аурулары бар, көзінің көрмеуі, қолдың дірілі, тірек-қозғалыс аппаратының, тыныс алу органдарының (бронхиалды астма), аллергияға бейімділік аурулармен ауратын адамдарға жұмыс жасауға болмайды.

Кәсіби дайындыққа қойылатын талаптар

Қауіпсіздік техникасының ережелерін; жөнделетін жабдықтың, машиналардың, агрегаттардың,күштік құрылғылардың жұмыс жасау принциптерін және құрылымын ; өнделетін материалдардың, таттануға қарсы жақпалар мен майлардың қасиеттерін; жоспарлы- ескерту жөндеудің технологиясын; тозған бөлшектерді қалпына келтіру тәсілдерін; жөндеуден кейін тораптарды, механизмдерді және жабдықтарды  қабылдау және реттеуге, сынауға арналған техникалық жағдайларды ; шақтамаларды, қондыруларды және дәлдік класстарын ; арнайы құрылғыларының және бақылау-өлшеу құралдарының құрылымын және қолдану тәсілдерін білуге тиіс.

Ұқсас мамандықтар

Әртүрлі слесарлық және станокты мамандықтар

ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП БҰЙЫМДАРЫН ҚҰРАСТЫРУ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Берілетін біліктіліктер:

Мамандықтың жалпы сипаттамасы

Ателье пішушісі клиентке фасонды, матаны таңдап алуға көмектеседі, таңдалған үлгінінің суретін салады, өлшемдерді алады, содан кейін пішімді жасап, матаны пішіндейді .
Алынған дайындамаларды ол бөлшектерді қосып тігетін («нақты жіпке») тігіншіге береді.

Тапсырыспен берілген көйлек немесе костюм  дайын болар алдында пішуші клиентпен бірнеше рет кездесіп, өлшемдерді алады.Клиентпен кездескенде оның қалауларын орындап, тапсырысты нақтылайды. Мата түріне, сәнге және дене пішінінің ерекшеліктеріне  қарай клиентке бұйымның фасонын таңдап алуға көмектеседі.   Қажетті өлшемдерді алады.  Таңдалған фасонның үлгінің суретін салады, тапсырысты рәсімдейді.  Пішімді және пішуді жасайды. Тігіншілер арасында тігу операцияларын бөледі. Өлшеуледі және клиентке тапсырысты тапсыруды жүргізеді..

Маманның жеке ерекшеліктеріне қойылатын талаптар

Пішуші нақты көзбен өлшей алу (сызықты , көлемді), жақсы көру-қозғалыс координациясы бар, дамыған кеңістік қиял, есте сақтау қабілеті жақсы, зейінді жақсы тарату, көптеген байланыстарға шыдамды, іскерлік қарым қатынас дағдылармен және өз атына айтылған сынды көтере білу қажет.

Медициналық қарсы көрсетімдер

Тыныс алу органдарының ( бронхиалды астма және т.б.), жүрек – қан тамырларының (гипертония, жүрек кемістігі, жүрек тапшылығы жіне т.б.), тірек-қозғалыс аппаратының, әсіресе қол қозғалысын шектететін (созылмалы ревматизм және т.б.) ; жүйке жүйесінің (невроздар, ісіктер және т.б.); көз көру органдарының (катаракта, шапыраш және т.б.)  аурулары бар адамдарға бұл жұмысты жасауға болмайды.

Кәсіби дайындыққа қойылатын талаптар

Сәннің қазіргі бағыттарын білуге, көркемдік безендіру принциптерін түсінуге, киім  үлгі суреттерін «оқи» білу және оларды қандай конструктивті құралдармен жүзеге асыруға болатының білу қажет.  Ол үшін конструкциялау және пішіндеу әдістерін білу қажет.

Ұқсас мамандықтар

Кәсіптік оқытудың шебері, сәнгер – конструктор

 

Экономикалық мамандықтың студенттері үшін  «Бухгалтерлік есеп және 1С: Бухгалтерия», « Адам ресурстарымен тиімді басқару», «Қазіргі кадрлық іс жүргізу»,  техникалық мамандықтың студенттері үшін : « Адам ресурстарымен тиімді басқару», «Қазіргі кадрлық іс жүргізу», «Бизнес жоспарлау негіздері және инновациялық кәсіпкерлік»  бағыттары бойынша курстық дайындау ұйымдастырылды

Институтта  жұмысшы мамандықтар бойынша  дайындайтын 3 орталық ашылған:

Орталық шеңберінде құрылғыларды оқып білу үшін, тәжірибелік сабақтарды өткізу үшін, қосалқы станцияларда қолданылатын  электротехникалық жабдығын монтаждауды өткізу үшін 1000 жоғары коммутациялық аппараттары бар оқу-жаттығу полигоны жабдықталған,

 5 кВт (2 кВт-жел, 3 кВт-күн)  қуаттылығымен жел-күнді электр станциясы , фотоэлектрлік жинақ ( поликристаллды модульдің 4 фотоэлектрлік  бірліктер, 2 гельді аккумулятор (контроллер инвертор) суды жылту үшін жылу күндік коллекторлар 100 л (ашық түрлі), 200 л )жабық түрлі)  ақпаратты сақтау үшін бағдарланған модульді қосатын метеостанция,  фото-электрлік жинақтарды жинауға арналған жабдық (ФЭЖ және күн электростанцивсын 12 вольт және 220 вольт), жел генераторы орнатылған,

Орталықта құрамына тау-кен жабдықтарын тексеру және бақылау құралдары кіретін  қазіргі оқу-зертаналық базасы, оның құрамында виброметрлер, ультрадыбысты дефектоскоптар, бағдарламалық жмнақтар бар. Олар тау-кен жабдықтарының құрамын білуге және тексеруге мүмкіндік береді.  Соңғы жылдарда 3Dформатында  орындалған қазіргі виртуалды зертханалар, ренген-флуоресцентный талдаушы, илемдік орнақ, сынақ машинасы және т.б. алынды.

АКТ білім беру  орталығының шеңберінде барлық мамандықтың студенттер мен оқытушыларды АТ –технологияларға оқыту  үшін, студенттер мен оқытушыларды қосымша куәләндыру мақсатымен MICROSOFT IMAGINE ACADEMY қатысу үшін базалық пакет енгізілді.

Оқыту көпшілік  on-line курстар принципі бойынша жүргізіледі. Оқыту бағдарламасы осыны қарастырады:

  • MicrosoftOffice және басқа бағдарламаларды тиімді пайдалануға студенттерді оқыту и других программ  ,
  • бағдарламалық қамтамасыз ету құрастырушылар болу үшін студенттерді дайындау,
  • Инфрақұрылымды басқару саласында, Office 365 және құрылғылардың ақпарат базасын біліп, маңсапты көтеруді дамыту үшін студенттер негізгі техникалық дағдыларды алу керек.

 Сатылып алынған базалық пакеттің шеңберінде 10 ваучер алынған, олар үздік студенттерге куәләндыруды тегін өтуге құқық береді ( Microsoft Office Specialist (MOS), Microsoft Technology Associate (MTA),  Microsoft Certifications Solutions Associate/Expert (MCSA/MCSE емтихан тапсыру керек).

Проведения 60-летнего юбилея Рудненского индустриального института

Call-центр
+7 (71431) 95723

Приемная комиссия

Наш номер: +7 (71431) 92 568
Моб. номер: 8 702 922 27 43
Наша почта: priemcom_rii@mail.ru