«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Рудный индустриялық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ТКК/ТТК қызметкерлері мен ғалымдарын ағылшын тіліне оқыту бойынша қызмет көрсетуге конкурс жариялайды

«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Рудный индустриялық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ТКК/ТТК қызметкерлері мен ғалымдарын ағылшын тіліне оқыту бойынша қызмет көрсетуге конкурс жариялайды.

2016 жылдың 2 ақпанында ратификацияланған 2015 жылдың 9 маусымындағы №8463-KZ Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісім және 2019 жылғы 29 қарашадағы № 34 Грант туралы келісім шеңберінде «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру мақсатында ғалымдар және ТКК/ТТК қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту қызметтеріне конкурс жарияланады.

Қызметтерді көрсетудің күтілетін мерзімі келісімшартқа қол қойылған күннен бастап 9-10,5 айды құрайды және міндетті түрде тілдік емтиханға дайындық және кем дегенде IELTS 5.5-6.0 және TOEFL IBT 46-78 және одан жоғары (білім алушылардың кем дегенде 60%-ы) және IELTS 5.0 және TOEFL IBT 45 (қалған білім алушылар үшін) балдарымен тапсырумен, жалпыеуропалық тілдік біліктілік шкаласы бойынша elementary деңгейінен upper-intermediate деңгейіне дейін 3 деңгейді қамтиды.

Мүдделілік білдіру туралы ұсыныстар 2020 жыл 26 наурыз сағат 18:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақыты) электрондық мекен-жайында қабылданады: info@rii.kz және міндетті түрде көшірмесін Жобаның электрондық поштасына жіберу қажет: tto@fpip.kz.

Хаттың тақырыбын көрсету қажет: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Рудный индустриялық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ТКК/ТТК қызметкерлері мен ғалымдарына ағылшын тілін оқыту жөнінде қызмет көрсетуге консультанттарды іріктеу»

Хатта компанияның түйіндемесін (еркін нысанда) және компанияда қызметтерді көрсету үшін қажетті біліктілік және тиісті тәжірибесі бар екенін көрсететін ақпаратты қоса тіркеу қажет.

Мүдделі консультанттар (тіл мектептері) қосымша ақпаратты төменде көрсетілген байланыс деректері бойынша жұмыс сағаттарында, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (Нұр-Султан қ. уақыты) ала алады.

Байланыс деректері: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Рудный индустриялық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Мекен-жайы: 111500, Қазақстан Республикасы, Рудный қ., 50 лет Октября көшесі, 38

Жауапты тұлғалар: Божко Лариса Леонидовна

Телефон: 87143150702, 87013849448

Электрондық пошта: info@rii.kz,  bogkoll@rii.kz

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Facebook
Facebook
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте