10 желтоқсан күні ИжӘГП кафедрасының оқытушысы Н.К.Мукаева және ИжӘГП кафедрасының аға оқытушысы Ж.Л.Кенжитаева «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. Туған жерім – Тәуелсіз елім!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

2019 жылдың 10 – желтоқсан  күні сағат 15:20-да институттың бас ғимараты, 212 дәрісханада ИжӘГП кафедрасының оқытушысы Н.К.Мукаева және ИжӘГП кафедрасының аға оқытушысы Ж.Л.Кенжитаева «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. Туған жерім –  Тәуелсіз елім!» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізді.

Бұл дөңгелек үстелдің мақсаты: Өскелең жас ұрпақты Отанды сүюге еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып, Тәуелсіздік басты құндылығымыз екендігін түсіндіріп, патриоттық тәрбие беру. Және Қазақстанның бірінші жаңғыруы кезеңі – осыдан 28 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды дербес мемлекет ретінде бастағанымыздан басталғанын, екінші жаңғыру кезеңі – «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың салынуын, ал үшінші жаңғыру кезеңі – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен жалғасын тауып отырғандығын дөңгелек үстел барысында түсіндіріп, саралау болған.

Бүгінгі дөңгелек үстелге жалпы 40-қа жуық адам қатысты. Олар РИИ оқытушылары, 1 курс ТТ, МН, АУ-19 қазақ бөлімі студенттері, СТ, ИС, ПЭЭ-19 орыс бөлімі студенттері және дөңгелек үстелге арнайы шақырылған қонақтар Рудный қаласының төтенше жағдайлар басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары Азаматтық қорғаныс подполковнигі Саринов Даурен Жалильевич және Рудный қаласы әкімдігінің «Қалалық тілдерді оқыту орталығының» әдіскері Досубаева Жанат Балтаевна қатысты.

Дөңгелек үстелде Құрылыс және құрылыс материалдары кафедрасының оқытушысы Кадирова Асемгуль Мухаметханкызы, АУ-19 тобының студенті Келдибаев Нұрқасым, МН-19 тобының студенті Усербаева Эльвира, СТ-19 тобының студенті Ковалевский Кирилл, СТ-19 тобының студенті Бирюкова Екатерина өз баяндамаларын оқыды.

Баяндамашылардың тақырып бойынша дайындаған баяндамалары тыңдалды. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. Туған жерім –  Тәуелсіз елім!» атты Тәуелсіздік күніне арналған дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті. Баяндамашылар Қазақстан тарихында болып өткен атаулы оқиғаларды  жақсы білетіндіктері, олардың мазмұнды жауаптарынан анық байқалды.

Модератор:     ИжӘГП кафедрасының оқытушысы Н.К.Мукаева

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Facebook
Facebook
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте