13 мамырда Рудный индустриялық институтының Microsoft Teams онлайн алаңында Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы  әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған  «Әл – Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы», атты онлайн-семинар өтті

13 мамырда Рудный индустриялық институтының Microsoft Teams онлайн алаңында Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы  әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған  «Әл – Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы», атты онлайн-семинар өтті.

Шараны ұйымдастырушы экономика және құрылыс факультеті деканы орынбасары, құрылыс тобының тәлімгері Төретаев М.Ө. және құрылыс тобының 1 курс студенттері.

Аталмыш онлайн-семинардың мақсаты – дүниежүзілік ғылым мен мәдениетте көрнекті із қалдырған ұлы тұлға, ортағасырлық ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын кеңінен атап өту және оның өмірі мен шығармаларын жас буынға таныстыру болып табылады.

Шара барысында ғұлама ойшылдың өмірі мен ғылымға әкелген үлкен үлесі туралы кеңінен сөз болды. Шараға қатысушылар әлемнің екінші ұстазы атанған даңқты тұлғаның өмірі мен оның еңбектері туралы көптеген мағлұматтары көрермендерге таныстырып, қызықты деректермен бөлісті.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Facebook
Facebook
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте