2019 жылдың 10-шы қыркүйек күні сағат 11:00-де институттың бас ғимаратында, 249-шы дәрісханада «Жалпықазақстандық ашық диктант» өтті.

2019 жылдың 10ы қыркүйек күні сағат 11:00-де институттың бас ғимаратында, 249-шы дәрісханада  «Жалпықазақстандық ашық диктант» өтті. 

Диктанттың мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы желтоқсанда жариялаған «Қазақстан – 2050» Стратегиясына, «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарын латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін сауатты қолдануға үйрету.

Диктант Жастар жылына арналғандықтан тақырыбы соған сай: «2019 jyl – Jastar jyly». Жазылған жұмысты келесі комиссия мүшелері бағалады:

– диктантқа жауапты оқытушы,  ИжӘГП кафедрасының оқытушысы Мукаева Н.К.;

– жұмыс тобы: ИжӘГП кафедрасы меңгерушісінің м.а. Р.Х.Тажибаев, ИжӘГП кафедрасының аға оқытушысы М.Д.Султангалиева, «Рухани жаңғыру» жобасы және «Мәңгілік ел» орталығының менеджері Г.Ж.Бухарбаева, сондай-ақ ИжӘГП кафедрасының аға оқытушысы, ТКМФ деканының орынбасары  Ж.Л.Кенжитаева, МжТК кафедрасының оқытушысы Р.Ж.Искаков.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында өткен жалпықазақстандық диктантқа барлығы 110  адам қатысты, олардың ішінде институттың студент жастары, оқытушылары мен қызметкерлері болды. Нәтижелік көрсеткіш іс-шараның мән-маңызын айқындады.

 

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Facebook
Facebook
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте