2019 жылдың 14 ақпан күні ИжӘГП кафедрасының оқытушысы Г.Т.Нурмагамбетованың бастауымен 1 курс студенттері, «Қостанай облыстық тарихи-өлкетанумұражайына»  экскурсия жасады.

2019 жылдың 14 ақпан күні ИжӘГП кафедрасының оқытушысы Г.Т.Нурмагамбетованың бастауымен 1 курс студенттері, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында, тарихқа шолу жасау мақсатында «Қостанай облыстық тарихи-өлкетанумұражайына»  экскурсия жасады. Студенттердің саны – 30. Музейге саяхат жасаудағы негізгі мақсат студенттердің халқымыздың тарихы, соның ішінде Лисаков қаласының археологиялық мұрасы туралы, осыдан жүз жылдар бұрын өлкеміздің тарихы қандай болғаны жөнінде, сонымен қатар мұражайдың экспозициялары және топтамаларымен  танысу. Ең бастысы – жас ұрпақ бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.

Музейде келесі экспозициялық залдар: «Өлкенің ежелгі тарихы», «Қостанай облысының табиғи байлықтары», «Туған жер тарихы», «Қостанай қаласының құрылуы», «Қостанай облысы: үміт пен жасампаздық», «Қостанай облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында» (екі зал), «Қостанай жерінің мақтаныштары» және екі көрме залы  жұмыс істейді.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Facebook
Facebook
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте