2019 жылы 19 желтоқсанда Қостанай қаласында «Тобол» ӘКК бастамасымен Қостанай облысының жоғары оқу орындарының өкілдерімен және “Nazarbayev University Research and Innovation System” қатысуымен дөңгелек үстел өтті

2019 жылы 19 желтоқсанда Қостанай қаласында «Тобол» ӘКК бастамасымен Қостанай облысының жоғары оқу орындарының өкілдерімен және “Nazarbayev University Research and Innovation System” (NURIS) қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді «Тобол» ӘКК Инновацияларды қолдау орталығының директоры А.Е. Бекберген ашты. Дөңгелек үстелдің бағдарламасы жарияланды, отырыстың тәртібі анықталды.

Дөңгелек үстел қатысушылар үшін маңызды тақырыптар, аймақта құрылған жастар кәсіпкерлігін қолдау инфрақұрылымының тиімділігі, студенттердің стартап жобаларын дамыту перспективалары, қол жеткізілген нәтижелер мен негізгі қиындықтар туралы пікірталастардан тұрды.

Дөңгелек үстел аясында NURIS компаниясының өкілі (Инновациялық даму жөніндегі директоры Ә. Дәрібаев), Қазақстан өңірлерінде Стартап мектептерін ұйымдастырудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасымен таныстырды. Сонымен қатар, NURIS өкілдері (Д. Жұмағұлов – коммерцияландыру кеңсесінің директоры, Д. Бердіханова – келісімшарттық зерттеу кеңсесінің директоры) дөңгелек үстелге қатысушыларды коммерцияландыру және зияткерлік меншікті басқару жүйелерін құру тәжірибесімен, коммерцияландыру кеңсесін құру бойынша практикалық ұсыныстармен таныстырды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан Республикасының экономикасы үшін бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау, сондай-ақ мемлекеттің негізгі мақсаттарының біріне қол жеткізу, тиімді оқыту жүйесін құру, жұмысқа орналасуды жеңілдету және жастар кәсіпкерлігінің дамуына ықпал ету секілді білім берудің өзекті мәселелерін талқылай келе:

– ҚР қазіргі даму кезеңінде, жастар кәсіпкерлігін дамыту қажеттілігін анықтады;

– университеттердің кәсіпкерлік университет моделін дамытуға баса назар аударуы керек екеніне назар аударды;

– кәсіпкерлік білім берудің әдістемесін жасаудың маңыздылығын ескерді;

– аймақтағы кәсіптік білім беруді дамыту және қолдау процесі «Атамекен» ҰКП, «Тобол» ӘКК, Nazarbayev University, сондай-ақ қазақстандық бизнес өкілдерінің қолдауымен бірлесіп жүзеге асырылуы тиіс екеніне сенім білдірді;

– аймақтағы кәсіпкерлік жоғары оқу орындарының дамуы Қазақстанның жаңа «Нұрлыжол» экономикалық саясатына сәйкес университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және ұлттық экономиканың өсуіне ықпал ететіндігін атап өтті.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Facebook
Facebook
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте