2019 жылғы 25 қаңтарда “ССКӨБ” АҚ сертификаттарын алуға РИИ студенттерінің тәжірибелік білімін бағалау бойынша Сараптамалық кеңестің отырысы өтті.

Сараптамалық кеңес Рудный индустриялық институтының техникалық мамандық студенттерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау және олардың қызметтің қандай да бір саласында нақты іс-әрекеттерді тиісті түрде жүзеге асыру мүмкіндіктерін анықтау үшін тәжірибелік дайындық деңгейін, кәсіби білімі мен дағдыларын белгілеу мақсатында құрылған.

Сараптамалық кеңестің негізгі міндеті – бұл студенттерді “ССКӨБ” АҚ резервшілерінің іріктеу базасына енгізу үшін, Рудный индустриалдық институтының техникалық мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын түзету. Сараптамалық кеңестің құрамына “ССКӨБ” АҚ жетекші мамандары кіреді.

Бағалау әдістемесі тәжірибелік дайындық деңгейін анықтау мақсатында студенттерді тестілеуді және “ССКӨБ” АҚ бөлімшелерінің жетекші мамандарымен әңгімелесуді қамтиды.

Сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша Рудный индустриялық институтының 18 студенті “ССКӨБ” АҚ сертификаттарын алып, резерв құрамына енгізілді:

– “Технологиялық машиналар және жабдықтар” мамандығы бойынша: Ә.Алиева,  Ж.Шаудырбай,  Д. Зейдулла (гр. ТМ-15ко);

– «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша: Д. Балғаш (гр. ЭЭ-15ко),  К. Дошимов (гр. ЭЭ-16со/ко);

– «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша: О. Алиев, П. Жусип (гр. ТЭ-15ко);

– «Металлургия» мамандығы бойынша: Г.Іргебай, Ә.Нұржанкызы, Ә.Ідіріс, Д. Нурмухамбетов (гр. Мет-15ко), В. Пищиков (гр. Мет-16), Д. Изтелеу (гр. Мет-16ко);

– «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша: Н. Әскербай, М. Мамат (гр. ГД-15ко), С. Мелентьев, М. Панов (гр. ГД-16), Н. Ғалым (гр. ГД-16ко).

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Facebook
Facebook
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте