2020 жылдың 21-ші сәуір күні ИжӘГП кафедрасының оқытушысы Н.К.Мукаева кафедраның әдістемелік апталығында қазақ тілі пәні бойынша 1 курс орыс топтары арасында жыл сайынғы дәстүрлі олимпиадасын онлайн түрде «Microsoft teams» бағдарламасы арқылы өткізді

2020 жылдың 21-ші сәуір күні сағат 16:00-де ИжӘГП кафедрасының оқытушысы Н.К.Мукаева кафедраның әдістемелік апталығында қазақ тілі пәні бойынша 1 курс орыс топтары арасында жыл сайынғы дәстүрлі олимпиадасын онлайн түрде «Microsoft teams» бағдарламасы арқылы өткізді.

Олимпиаданың мақсаты  – білім алушылардың  шығармашылық қабілетін дамыту, қазақ тіліне деген қызығушылығын ояту, қабілетті, дарынды білім алушыларды айқындап іріктеу және оларға қолдау көрсету.

Олимпиадаға жалпы 10 студент қатысты. Олимпиаданың өткізілу барысын бағалау  үшін  төмендегідей комиссия құрамы тағайындалды.

Комиссия төрайымы: Н.К.Мукаева – ИжӘГП кафедрасының оқытушысы

Комиссия мүшелері: М.Д.Султангалиева – ИжӘГП кафедрасының аға оқытушысы

Ж.Л.Кенжитаева – ИжӘГП кафедрасының аға оқытушысы

Олимпиада  ІІІ бөлім бойынша өтті. I бөлімі – оқу сауаттылығы, II бөлімі –  грамматикалық тапсырмалар, ІІІ бөлімі – тапқырлық сауаттылығы.

Барлық бөлім бойынша студенттердің жұмыстарын комиссия мүшелері бағалау парақшасына бағалады. Қорыта келе, комиссия құрамының шешімі төмендегідей: І – орын ПСМ-19 топ студенті Манёнок Александр, ІІ – орын ИС-19 топ студенті – Соколюк Илья, ІІІ – орынға лайықты 2 студент болды, біріншісі – СТ-19 топ студенті Герасимова Ольга, екіншісі – ЭК-19 топ студенті Стельмах Карина.

Олимпиаданың жеңімпаздарын комиссия мүшелері құттықтап, қатысқан студенттерге алғыстарын білдірді.

ИжӘГП кафедрасының оқытушысы: Н.К.Мукаева

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Facebook
Facebook
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте