2020 жылдың 28-ші ақпан күні сағат 16:20-да институттың бас ғимаратында, 327-шы дәрісханада ИжӘГП кафедраcының оқытушысы Н.К.Мукаева «Абай жолы – Ұлы жол» тақырыбында дәріс сағатын өткізді

2020 жылдың 28 – ақпан  күні сағат 16:20-да институттың бас ғимараты, 327 дәрісханада ИжӘГП кафедрасының оқытушысы Н.К.Мукаева  “Абай жолы – Ұлы жол” тақырыбында дәріс сабағын өткізді.

Бұл дәріс сағатының мақсаты: М.Әуезовтың “Абай жолы” романының идеялық- эстетикалық мұраты мен табысына тоқталу. Эпопеяның негізгі оқиғаларын басшылыққа ала отырып, мазмұнын түсіндіру, жеке тұлға ретінде студенттердің ізденімпаздық қасиеттерін дамыту. Шебер де шешен, өткір сөйлей білуге машықтандыру; Адамгершілікке, мейірімділікке, білімге ұмтылуға, сана-сезімінің өркендеуіне тәрбиелеу.

Дәріс сағатына  МЕТ-18 кураторлық тобы және СТ-19, ПСМ-19, ЭК-19, ЭЭ-19 орыс бөлімі студенттеріне қатысты. Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай “Абай жолы – Ұлы жол” тақырыбына арналған дәріс сағаты жоғары деңгейде өтті деп есептейміз. Өйткені бүгінгі дәріс сағатында студенттер «Абай жолы» – ғасырлық туынды екендігіне көздері жетті. Төрт томды эпопеялық көлемді романда қазақ қоғамының ғасырлық, әлеуметтік, тұрмыстық, отбасылық ғұмырын мейлінше дәл, айқын, адал бейнелеген. Бұл шығармадағы оқиғалар күн демей, түн демей толассыз өтіп жатады, бірін-бірі қуалай аққан дария толқындарындай сабақтас қалпында көрініс табады. Студенттер бұл шығарма бойынша  дәрісте  мәңгілік толас таппайтын жақсылық һәм жамандықтың, ізгілік пен зұлымдықтың шайқасын көре отырып, рухани қорларын байыта түсті. Студенттер өздеріне Абайдың өмірінен үлгі алды. Мұхтар Әуезов романы Данышпан Абайдың бала, жас Абайдан хәкім, дана Абайға дейінгі өмір кезеңін қамтитын бұл шығарманың қазақ әдебиетінен алар маңызы зор екендігін түсінді .

ИжӘГП кафедраcының оқытушысы  Н.К.Мукаева 

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Facebook
Facebook
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте