23 қарашада Рудный индустриалды институтында Назарбаев Университетінің PhD докторы Арбуз Александр Сергеевич техникалық мамандықтар студенттері мен магистранттары үшін металлография бойынша семинар өткізді

23 қарашада Рудный индустриалды институтында Назарбаев Университетінің PhD докторы Арбуз Александр Сергеевич техникалық мамандықтар студенттері мен магистранттары үшін металлография бойынша семинар өткізді. Семинар бағдарламасында келесі тақырыптар қаралды:

– металдар мен қорытпалардың құрылысы;

– сынама дайындау және талдау технологиясы, оның ішінде металдар мен қорытпалардың микроқұрылымдарын анықтаудың негізгі тәсілдері;

– микроскоптар және микроқұрылымды сандық талдау әдістері;

– сынама дайындау және талдау практикасы.

Семинар барысында студенттер мен магистранттар микроқұрылымды талдау және сынама дайындау барысында теориялық және практикалық дағдыларды алды,өздерін қызықтырған сұрақтарды қою мүмкіндігіне ие болды. Бұл білімді олар ғылыми-зерттеу және дипломдық жұмыстарды орындау кезінде және РИИ магистратурасына түсу кезінде қолдана алады.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Facebook
Facebook
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте