ДВИЖЕНИЕ «ЖАҢА СЕРПІН»

«ЖАҢА СЕРПІН» ҚОЗҒАЛЫСЫ

 

Мақсаты мен міндеті

  1. Қозғалыстың негізгі мақсаты «Серпін — 2050» әлеуметтік жобасы бойынша білім алуға келген студенттерді рухани, мәдени және кәсіби, жан — жақты жетілдіру болып табылады.
  2. Қозғалыс келесі міндеттерді іске асырады:

— институттың тиісті бөлімшелерімен бірлесіп «Серпін — 2050» әлеуметтік жобасы бойынша білім алуға келген студенттерді жергілікті және аймақтық кәсіпорындарда өндірістік практикадан өту мәселелерін шешуге ат салысу;

— институтты бітіргеннен кейін бейіндік кәсіпорындарда жұмысқа орналастыру үшін  мүмкіндіктер қарастыруға;

— қозғалыстың жұмыс жоспарын әзірлеу мен жүзеге асыру;

— бірінші курс студенттерін ақпаратпен қамтамасыз ету;

— студенттік белсенділікті қалыптастыру;

— оқу қызметінде студенттерге көмек ұйымдастыру;

— студенттердің әлеуметтік-психологиялық бейімделуін ұйымдастыру;

— бірінші курс студенттерін ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатыстыру;

— спорт — сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру;

— студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;

— білім беру қызметін ұйымдастыру;

— студенттерге Қазақстан Республикасының ұлттық мейрамдарын, әдет-ғұрыптарын, салттарын, қазақ мәдениетін дәріптеуші шараларын ұйымдастыру;

— қозғалыстың атқарған жұмысы туралы тәрбие жұмысы жөніндегі проректорға есеп беру.

Қызметтері

  1. Қозғалыс төмендегідей қызметтерді атқарады:

— мәдени бағыт – бұл бағыт түрлі мәдени іс-шараларды, ән кештерді, жайдарман ойындарды ұйымдастыру және өткізуді жүзеге асырады;

— кәсіби және білім бағыты — бұл бағытта студенттерді өндірістік практикаға жіберуді ұйымдастыру, оқу барысындағы студенттердің оқу үлгерімділіктерін қадағалау, интеллектуалды ойындар және студенттердің тың жобалары, ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысуын жүзеге асыру жұмыстары қолға алынады, сондай-ақ институтты бітіргеннен кейін бейіндік кәсіпорындарға  жұмысқа орналастыру үшін  жағдай жасайды.

— рухани бағыт – бұл бағытта дәстүрлі діндерді, шежірені, ұлттық салт-дәстүрімізді, ұлттық ойындарды насихаттап, әдет-ғұрпымызды, мәдениетімізді, сақтауды, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу көзделген.

— спорт бағыты – бұл бағыт әр түрлі спорттық іс — шараларды ұйымдастыру және өткізуді жүзеге асырады.

— әр бағыттың жауапты тұлғалары тағайындалады. Олар осы бағыттар бойынша жұмыстар жасайды, жоспар бойынша іс-шараларды ұйымдастырып, оларды жүзеге асырады.

Қозғалыстың құқықтары

  1. Қозғалыс:

— өз қызметін орындау барысында басқа да құрылымдық бөлімдерге  байланысты қажетті ақпараттарды сұрауға.

—  өз құзырына кіретін мәселелер бойынша басшылыққа ұсыныс енгізуге  құқығы бар.

Қозғалыстың жауапкершілігі

  1. Қозғалыс:

— осы Ережемен және Институт басшылығының тапсырмаларымен өзіне жүктелген  міндеттер мен қызметтерді орындауға;

— жұмыс жоспарын орындауға, шараларды ұйымдастыру  мен өткізуге;

— жоспарлы және есептік құжаттамаларды уақытында тапсыруға;

— Институттың ішкі тәртіп ережелері, студенттердің ар намыс Кодексі, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария және т.б. ережелерді сақтауға,  жауапты.

Қорытынды ереже

  1. Осы ереже ректор бұйрығымен бекітілген күнінен бастап күшіне енгізіледі.
  2. Қажет болған жағдайда Ережені белгіленген тәртіппен қайта қарауға болады.

КОНТАКТЫ

Руководитель

user-male-silhouette_318-55563

Бекен Элнур

87758712444