Студенттік өзін-өзі басқаруы

СТУДЕНТТІК ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУЫ

РУДНЫЙ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ

СТУДЕНТТІК ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУЫ 

Студенттік өзін-өзі басқару –бұл осы ережеде көрсетілген тапсырмалар мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін студенттердің қызығушылықтары негізінде, РИИ студенттерінің бастамасы бойынша құралған коммерциялық емес құрылым, өзін-өзі басқару, ерікті болып табылатын Рудный индустриялық институты (алда – РИИ) студенттерінің қоғамдық бірлестігі.

Өз қызметінде студенттік өзін-өзі басқару Қазақстан Республикасының заңнамасымен, «Білім беру туралы», «Жастар саясаты туралы»заңдармен, Жарғылармен, РИИ ішкі тәртіп ережелерімен, сондай-ақ студенттік өзін-өзі басқарудың даму Концепциясымен басшылыққа алады.

СТУДЕНТТІК ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ 

Студенттік өзін-өзі басқарудың негізгі мақсаттары:

– студенттердің қызығушылықтары мен құқықтарын қорғау және ұсыну;
– білім алу, әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де сұрақтарды шешуге көмек көрсету;
– жоғары оқу орнын басқаруда студенттік белсенділерді қатыстыруды қамтамасыз ету;
– қазақстандық қоғамның актуалды мәселелерді шешуде студенттердің қатысуы үшін студенттік жастарға әлеуметтік жауапкершілікті сезінуді дамыту үшін жағдайлар жасау;
– студенттіктің демократиялық дәстүрлерін дамыту және сақтау;
– білім алу тапсырмаларын, білім алу және тәрбиелік процесстерді ұйымдастыру, сондай-ақ студенттердің бос уақыттары мен тұрмыстарын шешуде институттың басқару ұйымдарына көмек көрсету.

Кәсіптік социализация барысында демократиялық мәдениетті қалыптастыруда негізгі тапсырмалар:

– студенттің кәсіптік, әлеуметтік және азаматтық өзін-өзі іске асыруда жағдайлар жасау;
– студенттік кәсіптік және ғылыми қызығушылықтарын ескере отырып білім беру процессінің сапасын арттыру бойынша ұсыныстарды дамыту;
– студенттердің санасын және өзбілімдеңгейінеолардыңталаптарынарттыруғабағытталғанжұмыстар жүргізу, мүліктіккешенге құрметпен қарауға тәрбиелеу, білім беру ұйымының рухы мен дәстүріне патриоттық көзқараста болу;
– стратегиялық маңызды шешімдерге, студенттік өмірдің мәселелеріне, студенттердің құқықтарына, сондай-ақ  және студенттердің тәртіптік жауапкершілік мәселелерін шешуде қатысуға байланысты құжаттарды дайындау үшін жоғары оқу орнының қызметіне студенттік өзін-өзі басқару өкілдерінің қатысуы;
– дөңгелек үстелдер, жалпы кездесулер өткізу арқылы студенттік өмірдің барлық жағынан жариялылығын қамтамасыз етеді, баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдарынпайдалану;
– ЖОО аралық, халықаралық және өңіраралық қарым-қатынастарды нығайту;
– Түлектердің жұмысқа орналасуына көмек көсрету.

СТУДЕНТТІК ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫ

Студенттік өзін-өзі басқару – тәуелсіз өзін-өзі басқаратын құрылымы. Қызметін тиімді ұйымдастыру үшін бұл басқару органдары мен құрылымдық бөлімшелерді жасайды.

Студенттік өзін-өзі басқарудың екі басқару элементтері бар:

– Институттың студенттің кеңесі (алда – ИСК) – бұл төраға басқаратын студенттік өзін-өзі басқарудың жоғары алқалы ұйымы болып табылады;

– Орындаушы ұйым(алда – ОҰ) – бұл студенттік ректор басқаратыноқу және оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмысы сұрақтары бойынша студенттік өзін-өзі басқару ұйымы.

Студенттік өзін-өзі басқарудың басқару ұйымдары таңдау негізінде қалыптасады. Басқару ұйымдарын таңдау жыл сайын өткізіледі.

ИСК – бұл ұжымдық ұйым, оған мыналар кіреді:

– ФСК төрағасы (алда – ФСК),
– ЖСК төрағасы (алда–ЖСК) және ОҰ.

ФСК – бұл факультет деңгейіндегі студенттік өзін-өзі басқарудың басқару ұйымы және құрылымдық бөлімше. ФСК құрамына факультет белсенділері мен старосталар кіреді. ФСК өз құрамынан Төраға сайлайды. ФСК төрағасы ФСК қызметін басқарады және ИСК басқару ұйымында осы факультет қатысуышыларының қызығушылықтарын ұсынады.

ЖСК – бұл студенттік жатақхана деңгейіндегі студенттік өзін-өзі басқарудың басқару ұйымы және құрылымдық бөлімшеЖСК құрамынаЖСК төрағасы, ЖСК төрағасының орынбасары, этаж старосталары, мәдени жұмыстарға жауапты, спорттық жұмыстарға жауапты, санитарлық жағдайға жауапты.

ОҰ – бұл оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбиелік процестерді өзін-өзі басқарудың жоғарғы органы болып табылады. ОҰ құрамына мыналар кіреді: студенттік ректор, студенттік проректор, студенттік факультет декандары, студенттік кафедра меңгерушілері,клубтар, секциялар басшылары, және т.б.әр бөлімшеден бір адамнан:

– Студенттік ректор
– Студенттік проректор
– Студенттік декан
– Студенттік кафедра меңгерушісі

Приемная комиссия

Call - центр

Call-center: 8(71431)50702, 87013849448 По вопросам заселения в общежития: 8(71431)9-25-68, 87054403859 Электронный адрес: abiturient@rii.kz