ІС-ШАРА

ІС-ШАРА

1 ҚЫРКҮЙЕК-БІЛІМ КҮНІ

1 қыркүйекте еліміздің әр бұрышында оқу орындары жаңа оқу жылының басталуына өз есігін айқара ашады, біздің Рудный индустриалды институты да ерекшелік емес! Бұл жыл ерекше болды, өйткені оқу жаңа вирустық инфекциядан туындаған пандемияға байланысты онлайн қашықтықтан басталды.

РИИ ректоры А.Б. Найзабеков барлық студенттерді, оқытушыларды оқу жылының басталуымен құттықтады.

1 қыркүйек-бұл біздің ортақ мерекеміз, өйткені кез келген істің, кез келген мамандықтың, тіпті хоббидің негізі-білім. Олар адамға өмір жолын таңдауда сенімділік пен еркіндік, табысқа жету және өз қабілеттерін жүзеге асыру мүмкіндігін береді. “Білім” мерекесінде студенттер Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған “Қазақстан Республикасының Конституциясы – теңдік пен әділеттіліктің кепілі” жалпы институттық онлайн – дәрісін тыңдады. Факультет декандары: Кузьмин Сергей Львович, Шалдыкова Багит Абитовна,Акмалова Ольга Адольфовнамен кездесті.

Біздің мемлекетіміздің басшылығы жастарға көп көңіл бөледі, өйткені жастар қазіргі Қазақстанның стратегиялық әлеуеті болып табылады. Біздің жоғары оқу орнында студенттік өзін-өзі басқару белсенді дамуда. 2-4 қыркүйекте 1-курс студенттері үшін “бірінші курс мектебі ” өтті, онда тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаментімен (үйірмелер мен қызығушылықтар бойынша клубтардың жұмысы) танысу, институттың материалдық-техникалық базасымен, онлайн-алаңдармен пайдаланылатын электрондық кітапханамен танысу, сондай-ақ кафедра меңгерушілерімен, эдвайзерлермен, ПОҚ-мен кездесу өтті.

Бірінші курс студенттері институттың студенттік өзін-өзі басқару белсенділерімен кездесіп, танысты, онда жаңадан келген студенттер үшін онлайн: тимбилдинг, викторина, зияткерлік ойын өткізілді. Сондай-ақ, балалар мәдениет және демалыс саябағында кездесті, онда танысу, шығармашылық әлеуетті ашу және т. б. тренингтер өткізді.

11.09.20 –Рудный қаласының әкімдігінің  «Жастар ресурстық орталығы» ҚММ мен «NewRud» ЖҚБ ұйымыммен бірлесіп ұйымдастырған «Денсаулық күні» мерекесіне орай спорттық-ойын-сауық квестіне қатысты. Институтымыздың командасы бірінші орынды иеленді.

23.09.20 – сағат 10.00-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша  «Рақмет саған, туған ел!» жобасын іске асыру аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жеңімпазы Қайрат Маишевпен онлайн кездесу өтті.

23.09.2020 – Жастар саясаты мәселелері басқармасы және  «Қостанай облысының азаматтық «ГрИн» альянсы»  бірлесіп « Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдиниетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешені» жобасын іске асыру аясында , жоғары оқу орындары студенттері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың ережелерін түсіндіру және насихаттау бойынша (zoom алаңында)  онлайн оқыту семинары өтті.

24.09.20 – А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің цифрлық хаб базасында Қостанай облысының барлық жоғары оқу орындары қатысқан «ПОЛИЛОГ 2020» облыстық дебат турнирі өтті.

Қазақстан Рспубликасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдиниетті қалыптастыру мақсатында тұрақты негізде облыс азаматтары  арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Департамент пен ЖОО арасындағы ынтымақтастық туралы мемарандум аясында өңірдің жоғары оқу орындарында студенттік  «Саналы Ұрпақ» клубтары және парасаттылық мектептері ашылды.

«Рудный индустриалдық институт» КЕАҚ атынан келесі құрамдағы делегация қатысты: Кирсанов Вадим, Ляпин Дмитрий, Порецкий Дмитрий – АУ-19со тобының студенттері, Берновский Никита, Есетов Аскар –ЭЭ-19 тобының студенттері. С.ғ.к. ИжӘГП  кафедрысының аға оқытушысы Тажибаев Радик Хамитович  делегация жетекшісі болды. Конкурсты өткізу форматы – жеке және топтық.

Кейдейсоқ таңдау әдісімен студенттерге баяндамалардың әртүрлі тақрыптарын ұсынылды және 15 минуттық дайындықтан кейін олар аудитория алдында сөз сөйледі. Қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша топтық есепте РИИ үшінші орынға ие болды, сонымен қатар жеке есепте студенттер келесі орындарға ие болды: Кирсанов Вадим – 2 орын (медаль, диплом  және 20000 теңге  соммасына сертификат), Берновский Никита – 3 орын (медаль, диплом  және 10000 теңге соммасына сертификат).

28.09.20 – Қостанай облысының психологтар қауымдастығының ұйымдастыруымен жастар санасына отбасы беделін сақтау және нығайту мақсатында онлайн кездесу өтті.

Кіріспе сөздерін Қостанай облысының психологтар қауымдастығының басшысы Калюжная Ю.А. сөйледі.

Сондай-ақ студенттер алдында Қазақстан Республикасы Педагогикалық Ғылымдар Академиясының құрметті мүшелері ,облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының  іскер әйелдер қауымдастығының және ғылыми эксперименталдық тобының мүшесі , халықаралық және республикалық әдеби байқаулардың лауреаты – Александра Ильинична Суслова, және де  Қостанай облысынан тыс жерлерге танымал , белгілі музыкалық – педагогикалық әулеттің негізін қалаушылар болып табылатын  Қадыр және Майра Қаржауовтар отбасы қатысты . Осы отбасының үш ұрпақтың өкілдері Қазақстан Республикасының мәдиниет өнеріне қызмет етуге арнады. 40 жылдам астам уақыт бойы олардың сыңғырлаған  дауыстары концерттерде, радиода және теледидарда естіліп келеді.

29.09.20 – «Мен өмірді таңдаймын! » акциясы бойынша  ZOOM алаңында ойлайн кездесу өтті. Оның мақсаты жастар арасында суицидология саласындағы білімді қалыптастыру болып табылатын мектеп, колледж және жоғарғы оқу орнындарының студенттері арасында кең ауқымды ақпаратты түсіндіру науқаны аясында өтті.

Науқан аясында «Арман» балалар мен жасөспірімдер орталығының» жетекшісі, «Жастар арасында суицидтің алдын алу бойынша іс шаралар кешені» жобасының аймақтық үйлестірушісі  Алтынбаева Кенжегүл Жолашибаевна бас сөзді  сөйледі.  «Мен өмірді таңдаймын! » тақырыбында әлеуметтік видео көрсетілді, сондай-ақ «Жас Атамекен» жас кәсіпкерлер клубының төрағасы , Prima балет мектебінің негізін қалаушысы – Зарина Кокожановада сөз сөйледі. Ол өзінің қиын тағдыры туралы айтты.

«Мен өмірді таңдаймын! » бұл жаңа ауқымды  ақпараттық түсіндіру науқаны. Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы»   қолдауымен ОФ «Қазақстан Республикасының тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер институты» өткізді.

29.09.20 – Рудный қаласы әкімдігінің мәдениет бөлімінің өкілдері Ж. Б. Досубаева мен Ж. Е. Джамбурчинаның шақыруымен “Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Call-центр
+7 (71431) 95723

Приемная комиссия

Наш номер: +7 (71431) 92 568
Моб. номер: +7 702 462 42 65
Наша почта: priemcom_rii@mail.ru